Меню

Мобильная связь
Интернет
Фиксированная связь
Почтовая связь
Проверка качества сотовой связи
Выдача разрешений на использование радиочастотного спектра Республики Казахстан
Развитие новых технологий и инфраструктуры в области связи
Государственная политика в области связи
МӘЛІК ИМАНҚҰЛҰЛЫ ҚҰЛШАР

          1960 жылы 18 қарашада Орал облысы Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі- жоғары, 1982 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «математика» мамандығы, 2011 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша бітірген.

           Алғашқы еңбек жолын 1982 жылы Жәнібек ауылының Абай атындағы мектеп-интернатында тәрбиеші-мұғалім болып бастаған. 1984-1985 жылдары Жәнібек аудандық комсомол комитетінің бөлім меңгерушісі, 1985-1989 жылдары Жәнібек аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, 1989 жылдың сәуір-маусым айлары аралығында Жәнібек аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, 1989-1990 жылдары Орал облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, 1990-1993 жылдары Орал облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, 1993-1996 жылдары Батыс Қазақстан облыстық әкімшілігінің бас маманы, бөлім меңгерушісінің орынбасары, 1996-1998 жылдары «Бөбек» балалар қорының атқарушы директоры, 1998-2001 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2001-2004 жылдары облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары, 2004-2007 жылдары Казталов ауданының әкімі, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының төрағасы қызметтерін атқарған. 2007 жылдан бері IV шақырылған Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы қызметінде.

        «Парасат» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» және «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған. «Нұр Отан» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісінің иегері.

 

         Казталов аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы №24-8 шешімімен «Ауданның құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы