
1957 жылдың 19 маусымы күні Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Қараоба ауылдық кеңесінде дүниеге келген. Білімі-жоғары.
1974 жылы Казталов ауданы орталығындағы А. Оразбаева атындағы орта мектепті бітірген. Журналистік қызметін 1976 жылдың 3 қаңтарында Казталов аудандық «Коммунизм жолы» газетінің тілшісі болып бастаған.
1983 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің «Журналистика» факультетін бітіргеннен кейін, облыстық телерадиокешені корпорациясында, облыстық «Орал өңірі» газетінде қызмет жасаған. 1993 жылдың 1 қаңтарынан бастап республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі.
Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденімен, «Ерең еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» және «Астанаға 10 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.
Казталов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 9 желтоқсандағы №30-2 шешімімен «Ауданның құрметті азаматы» атағы берілді.