
1949 жылы 2 наурызда Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Казталов ауылында дүниеге келген.
1956 жылы аудан орталығындағы Алма Оразбаева атындағы орта мектептің бірінші сыныбына барып, 1966 жылы осы мектепті бітірген.
1966 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының жаратылыстану факультетіне түсіп, оны 1971 жылы химия және биология мамандығы бойынша тәмәмдап, «орта мектептің мұғалімі» біліктілігін алған.
1971-1974 жылдары С.М.Киров атындағы және Богатырев орта мектептерінде мұғалім, 1974-1979 жылдары Қазақстан ЛКСМ Казталов аудандық комитетінің хатшысы, 1979-1981 жылдары Казталов аудандық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі, 1982-1987 жылдары Казталов аудандық киножүйесінің директоры, 1987-1991 жылдары Қазақстан Компартиясы Казталов аудандық партия комитетінде нұсқаушы, үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, 1991-1992 жылдары Батыс Қазақстан облыстық әлеуметтік қорғау басқармасының маманы, 1992-2001 жылдары Казталов ауданы әкімінің орынбасары, 2001 жылы аудан әкімі аппаратының басшысы, 2003-2004 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының инспекторы, 2004-2007 жылдары Батыс Қазақстан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментінде бас маман болып қызмет жасап, зейнетке шыққан.
1980-1981 жылдары Қазақстан Компартиясы Казталов аудандық партия комитетінің мүшесі, халық депутаттары аудандық Советінің депутаты болып сайланған.
ВЛКСМ және Қазақстан ЛКСМ Орталық комитеттерінің бірнеше Грамоталарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталған.
Казталов аудандық мәслихатының 2021 жылғы 21 мамырдағы №6-3 шешімімен «Ауданның құрметті азаматы» атағы берілді.