
1953 жылы 21 қарашада Батыс Қазақстан облысы Казталовка ауданы Казталовка ауылында дүниеге келген. 1960-1970 жылдары Алма Оразбаева атындағы орта мектебінде оқыған.
Білімі жоғары, 1976 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген, мамандығы тарих пәнінің мұғалімі.
Алғашқы еңбек жолын 1970 жылы Орал облысы Казталовка ауданы «Казталовка» қой совхозы №1 бөлімшесінің жұмысшысы болып бастаған. 1971-1972 жылдары Талдықорған облыстық балалар кітапханасының кітапханашысы, 1972-1976 жылдары Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының студенті, 1976-1979 жылдары туған ауылындағы Алма Оразбаева атындағы орта мектептің мұғалімі, 1979-1981 жылдары аудандық комсомол комитетінің хатшысы, 1981-1982 жылдары аудандық партия комитеті ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, 1982-1991 жылдары аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1991-1992 жылдары халық депутаттары аудандық Кеңесі төрағасының орынбасары, 1994-2003 жылдары аудандық мәслихат хатшысы, 2003-2012 жылдары Казталов ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарған. Қазіргі уақытта зейнеткер.
XVIII, XIX, XX шақырылған Халық депутаттары Казталовка аудандық Кеңесінің (1983-1991ж.ж.) және I, II шақырылған Казталов аудандық мәслихатының депутаты, аудандық әйелдер Кеңесінің төрағасы (1983-1994 ж.ж.), «Ұмай» қоғамдық бірлестігінің төрайымы (2015-2018 ж.ж.).
«Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 20 жылдығы» мерекелік медальдарымен, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс Төрағасы Қ.Жақыповтың, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Н.Нигматулиннің Алғыс хаттарымен, республикалық және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының (партия, комсомол, Кеңес ұйымдарының, облыс және аудан әкімдерінің) Алғыс хаттарымен марапатталған.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың инагурациясына қатынасу құрметіне ие болды.