
1946 жылы 18 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы қазіргі Тереңкөл ауылдық округіне қарасты Беспішен ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1969 жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институтын бітірген, мамандығы - ғалым агроном.
Әр жылдары Казталов ауданының ауыл шаруашылығы саласында қызмет жасаған. 1969-1970 жылдары «Қараоба» қой совхозының №1 бөлімше агрономы, 1970-1971 жылдары аудандық өсімдік қорғау станциясының агрономы болып мамандығы бойынша жұмыс жасаған.
1971-1973 жылдары Беларусь Қызыл Ту әскери округінде бөлімше командирі болып әскери қызмет атқарған, әскери шені - доғарыстағы капитан.
1973-1986 жылдары «Казталовка» қой совхозының бас агрономы, 1986-1990 жылдары «Казталовка» қой совхозының директоры, 1990-1992 жылдары аудандық агроөнеркәсіптік кешені бірлестігінде мал азығын дайындау жөніндегі бас маман, 1992-1993 жылдары аудандық жер қатынастары комитетінің төрағасы, 1993-1998 жылдары аудандық өндірістік-пайдалану басқармасының бастығы, 1998-2000 жылдары «Құрылысгаз» АҚ механик, 2000-2009 жылдары аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған. 2009 жылдан бері зейнеткерлік демалыста.
Оның ауданның шаруашылық және кәсіпорындарын басқарған кезеңінде «Тұрғын үй-91» бағдарламасының орындалуын қамтамасыз етуде совхоз еңбеккерлері үш мәрте ауыспалы Қызыл туды жеңіп алса, халықты тұщы ауыз сумен қамту мақсатында «Лекер» көлінен скважина орнатылып, аудан орталығына дейін 15 шақырымдық су құбыры тартылып, көптеген жылдардан бері тұрғындар тарапынан көтеріліп келе жатқан өзекті мәселенің түбегейлі шешілуіне қол жеткізілді.
2008 жылы «Астананың 10 жылдығы», 2022 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медальдарымен және бірқатар мақтау қағаздарымен марапатталған.