Меню

Мобильная связь
Интернет
Фиксированная связь
Почтовая связь
Проверка качества сотовой связи
Выдача разрешений на использование радиочастотного спектра Республики Казахстан
Развитие новых технологий и инфраструктуры в области связи
Государственная политика в области связи
АБЕШОВ УАЛИОЛЛА

         1950 жылы 26 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы қазіргі Тереңкөл ауылдық округіне қарасты Беспішен ауылында дүниеге келген. Беспішен бастауыш мектебінде алғашқы білім алып, 1960 жылы Орал қаласындағы №11 қазақ орта мектебінде оқуын жалғастырған. 1966 жылы сол мектептен орта білім алып шыққаннан кейін, Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтының зоотехния факультетіне оқуға түскен. Аталған институтты 1971 жылы тәмамдап, «оқымысты зоотехник» мамандығын алып шыққан. КазССР ауыл шаруашылығы министрлігі «Мал шаруашылығы - екінші тың» жобасы аясында тың өлкелерінің мал шаруашылығын дамыту мақсатындағы жолдамасымен Павлодар облысы Качир ауданының шаруашылықтарында 1971-1979 жылдары мамандығы бойынша жұмыстар атқарған. Кейіннен туған ауданына оралып, 1979-1980 жылдары «Мирон» мал бордақылау совхозының бас зоотехнигі, 1980-1986 жылдары аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас зоотехнигі, аға зоотехнигі, 1987-1991 жылдары КПСС XXIV съезі атындағы совхоздың мал шаруашылығы цехының бастығы, 1991-1996 жылдары «Тереңкөл» совхозының бас экономисі, 2003-2006 жылдары аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі бастығының орынбасары, 2006-2013 жылдары аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған. 2013 жылы зейнеткерлікке шықса да ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып, қоғамдық жұмыстардан тыс қалған емес. 2013-2020 жылдары қоғамдық негізде аудандық ардагерлер кеңесін басқарып, сонымен қатар аудандық қоғамдық келісім комиссиясы төрағасының орынбасары міндетін де атқарған, 2016-2021 жылдары аудандық Қоғамдық кеңестің мүшесі болған.

         Оның белсенді араласуымен 1927-1953 жылдары саяси қуғын-сүргін құрбаны болған жерлестерінің қаралы тізімін жасақтап, орталық саябақта мемориалдық ескерткіш орнатылды. Жоба авторы ретінде және оның жетекшілігімен мұрағаттық деректерге негізделген екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан азаматтар туралы «Ел қорғаған қайран ерлер» атты тарихи-танымдық энциклопедия жинағы 2020 жылы 320 данамен басылып шықты. Аталған кітапта ауданнан аттанған 6000 жауынгер-жерлестер туралы нақты деректер мен мәліметтер жинақталған. Бүгінде ол соғыс ардагерлері туралы тарихи энциклопедияның екінші кітабына деректер жинақтап, құрастыру жұмыстарымен айналысуда.

        «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл», «Ардагерлер ұйымына 30 жыл», «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл» мерекелік медальдарымен, «Еңбек ардагері», «Асыл ардагер», «Патриоттық және азаматтық белсенділігі үшін» медальдарымен және бірқатар мақтау қағаздарымен марапатталған.

 

Казталов аудандық мәслихатының 2022 жылғы 25 қарашадағы №24-2 шешімімен «Ауданның құрметті азаматы» атағы берілді.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы