2026–2028 жылдарға арналған ғарыш қызметі саласындағы ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламаларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсының жеңімпаздары бекітілді
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті 2026–2028 жылдарға арналған ғарыш қызметі саласындағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық бағдарламаларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсының жеңімпаздары бекітілгенін хабарлайды.
Аталған жеңімпаздар Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Аэроғарыш комитеті төрағасының 2026 жылғы 10 шілдедегі № 407/НҚ «2026–2028 жылдарға арналған ғарыш қызметі саласындағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық бағдарламаларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурс жеңімпаздарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілді.
Шешім «Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар» ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті дамытудың басым бағыты бойынша Ұлттық ғылыми кеңестің 2026 жылғы 29 маусымдағы шешіміне сәйкес қабылданды.
Конкурс қорытындысы бойынша келесі ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар жеңімпаз деп танылды:
|
№ |
Объектінің ЖТН |
Бағдарлама атауы |
Өтінім беруші |
|
1 |
BR34836926 |
Қазақстанның оптикалық телескоптар желісін дамыту және ауқымын кеңейту негізінде Жерге жақын кеңістік пен алыс ғарышты зерттеу және мониторинг жүргізу |
«В.Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
|
2 |
BR34836812 |
Жерсеріктік метан шығарындыларын анықтау және сандық бағалау пайдалы жүктеме кешенінің біліктілік моделін әзірлеу және құру |
«Ghalam» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
|
3 |
BR34837262 |
Ғарыш аппаратының қабылдағыш-таратқышын және пассивті антенналық торын жасау |
«Ghalam» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
|
4 |
BR34837416 |
Технологиялық инфрақұрылым үшін қауіп-қатерлерді мониторинг жасау, болжау, талдау және бағалау негізінде ғарыштық ауа райының экстремалды құбылыстары туралы ескерту жүйесін құру |
«Ионосфера институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Аталған бағдарламаларды іске асыру отандық ғарыш ғылымын, ғарыштық технологияларды, ғылыми-техникалық әлеуетті дамытуға, сондай-ақ ғарыш қызметі саласындағы қолданбалы зерттеулердің нәтижелерін практикалық пайдалануға бағытталған.