Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына «Мемлекеттік кәсіпорындар, жарғылық капиталындағы акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» қаулы жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗ
Қаулы жобасы мемлекеттік кәсіпорындар, ұлттық компаниялар және акциялардың (қатысу үлестерінің) бақылау пакеті мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін өзектендіруге бағытталған.
Мемлекеттік кәсіпорындар және мемлекет қатысатын заңды тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін өзектендіру және нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру мақсатында «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы әзірленді.
Қаулы жобасында мынадай ұсыныстар көзделген:
- қызмет түрлерінің тізбесін жаңа 68-1-тармақпен толықтыру – «Жауапты құрылыстарды позициялау және мониторинг жүйелеріне арналған жабдықтарды өндіру», бұл қызметті жүзеге асыру құқығы «Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЖШС 5 (бес) жылдан аспайтын мерзімге бекітіледі;
- 335, 338 және 341-тармақтарға өзгерістер енгізіп, тиісті қызмет түрлерін жүзеге асыруға «Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЖШС қатысу мүмкіндігін көздеу.
Аталған Қаулы жобасын қабылдау позициялау және мониторинг жүйелеріне арналған инновациялық жабдықтарды өндіру және енгізу саласында отандық құзыреттерді дамытуға мүмкіндік береді. Бұл еліміздің ғылыми-техникалық әлеуетін нығайтуға және мемлекеттік сектор тәжірибесіне заманауи технологияларды енгізуге жағдай жасайды.
Қаулы жобасы мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарды қарастырмайды және әлеуметтік-экономикалық теріс салдарға әкелмейді.