«Импорты қосылған құн салығынан босатылатын ғарыш қызметіне қатысушылар әкелетін ғарыш объектілері және жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілері жабдықтарының тізбесін және ғарыш қызметі мақсаттары үшін ғарыш объектілері мен жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің жабдықтарын әкелу туралы растау нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкімет қаулысының жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗ
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің «2025 жылғы 18 шілдедегі Қазақстан Республикасының Салық кодексін және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 18 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2025 жылғы 12 тамыздағы № 128-р Өкімімен бекітілген қабылдануы 2025 жылғы 18 шілдедегі Қазақстан Республикасының Салық кодексімен және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 18 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесінің 19-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.
Жоба нарықтың (ғарыш байланысы қызметтерін тұтынушылардың) өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру, жерсеріктік технологиялар бойынша жаңа жобаларды, соның ішінде халықаралық жобаларды іске асыру, жерүсті ғарыш инфрақұрылымын кеңейту және ғарыш қызметін дамытуға бағытталған.
Қаулы жобасы Қазақстан Республикасының Әділет, Қаржы, Ұлттық экономика министрліктерімен келісілді.
Жобаны қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді.