«Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗ

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің жобасы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 192-бабының ережелерін іске асыру, сондай-ақ ғылыми және өндірістік ұйымдардың мемлекет атынан жүзеге асырылатын қызметке қатысуын қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

Жоба «Инфракос» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның және «Ионосфера институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бекітілген тізімге енгізуге бағытталған. Аталған өзгерістер олардың мемлекеттік маңызы бар міндеттерді орындауға, оның ішінде «Байқоңыр» кешенін, аэроғарыштық инфрақұрылымды және ғылыми жобаларды дамыту шеңберінде құқықтық қатысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жобаға сәйкес, «Инфракос» РМК аэроғарыштық деректерді мониторингілеу және цифрландыру бойынша қолданбалы міндеттерді орындауды қоса алғанда, мемлекет мүддесі үшін өз қызметінің спектрін кеңейтуге мүмкіндік алады. Бұл Байқоңыр – Төретам өңіріндегі кәсіпорындардың жұмыспен қамтылуы мен тұрақты жұмыс істеуі үшін қосымша мүмкіндіктер туғызады. «Ионосфера институты» ЖШС аэроғарыштық ақпаратты өңдеуді, цифрлық картографиялық шешімдерді әзірлеуді және тақырыптық геоақпараттық өнімдерді жасауды қоса алғанда, ғарыштық технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға өкілетті болады.

Қаулы жобасы Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен келісілді.

Жобаны қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді.