Тоқтар Әубәкіров-ұлт мақтанышы

Тоқтар Әубәкіров-ұлт мақтанышы

 

34 жыл бұрын 1991 жылғы 2 қазанда қазақ халқының тарихында маңызды оқиға орын алды.  Тоқтар Әубәкіров «Союз-ТМ» ғарыш кемесімен «Мир» орбиталық кешеніне   ұшып, ғарышқа сапар шекті.

Осылайша, Ол қазақ ұлтының тұңғыш ғарышкері атанды. Бұл тәуелсіздік қарсаңында ел үшін ерекше мақтаныш пен тарихи кезең болды.

Ғарышқа сапары барысында  Тоқтар Әубәкіров  халықаралық экипаж құрамында   бес ғылыми эксперимент жүргізіп, бір аптадан астам уақыт өткізді.

Тоқтар Әубәкіровтің бұл батыл қадамы Қазақ елінің ғарыш саласындағы алғашқы қадамы болып саналады. Ол отандық ғарыштың негізін қалаушылардың бірі.

Бұл күн ел тарихында ерлік пен ғылымның тоғысқан сәті ретінде есте қалды.