Астанадағы Ұлттық ғарыш орталығында «Sana-1» бірегей зерттеу жобасы - ғарыштық ұшуға барынша жақын жағдайларда экипажды ұзақ уақыт оқшаулау бойынша Қазақстандағы алғашқы эксперимент басталды.
Он тәулік ішінде төрт қазақстандық зерттеуші ғарыш кемесінің жерүсті модулі-имитаторында болады. Оны Қазақстанның батыры, ғарышкер Айдын Аймбетовтың бастамасымен Eurasianspace Ventures компаниясы әзірледі.
Жобаның айрықша ерекшелігі Аэроғарыш комитетіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың төрт қызметкерінен тұратын толық әйелдер экипажының қатысуы болып табылады:
- Юлия Бакирова-экипаж командирі, «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» АҚ реактивті қозғалыс зертханасының аға ғылыми қызметкері.
- Әсем Қуандық – «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» АҚ жылу оқшаулағыш материалдар зертханасының ғылыми қызметкері.
- Дарья Комарова – «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ ғарыш аппараттарының техникалық жай-күйін бақылау және ұшуды қамтамасыз ету бөлімінің жетекші инженері.
- Линара Жадыгерова – «Ионосфера институты» ЖШС ғарыштық және геофизикалық зерттеулер зертханасының инженері.ҚБТУ
AI Lab жетекшісі, PhD докторы Алина Гутореваның жетекшілігімен ғарыштық миссиялардың сценарийлерін модельдейтін Медициналық және психологиялық эксперименттер жүргізіледі.
«SANA-1» басқарылатын
астронавтика саласындағы ұлттық ғылыми базаны қалыптастырудың алғашқы қадамы.
Жоба
жастардың инженерлік және техникалық мамандықтарға деген қызығушылығын дамытуға бағытталған және әйелдердің ғарыштық зерттеулерде тең рөл атқара алатынын көрсетеді.