Алматы қаласында Халықаралық ғарыш форумы Space Days Kazakhstan 2025 өтеді

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті 2025 жылдың 8-9 қыркүйек күндері Алматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Space Days Kazakhstan 2025 халықаралық ғарыш форумы өтетінін хабарлайды.
Space Days Kazakhstan 2025 – жетекші сарапшылар мен әлемдік ғарыш агенттіктерінің өкілдерін біріктіретін маңызды халықаралық іс-шара.
Форум халықаралық ғарыш күн тәртібіне, жаңа салалық технологияларға және оларды тұрақты даму мен ғарыш саласындағы жаһандық ынтымақтастыққа пайдалану мәселелеріне арналған.
Форум аясында:
- 15 негізгі сессия
- 30-дан астам спикер
- 500-ден астам делегат қатысады деп жоспарлануда.
Қатысушылар арасында танымал ғарышкерлер, ғалымдар, инженерлер және саладағы жетекші компаниялардың басшылары бар.
Сайтқа өту: sdk2025.gharysh.kz