Аэроғарыш комитетіне қарасты «Ионосфера институты» ЖШС жас ғалымына Алматы қаласынан пәтер сертификаты табысталды

Аэроғарыш комитетіне қарасты «Ионосфера институты» ЖШС жас ғалымына Алматы қаласынан пәтер сертификаты табысталды

Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шарада Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова сегіз жас ғалымға пәтер сертификаттарын салтанатты түрде табыстады.

Солардың қатарында «Ионосфера институты» ЖШС-нің аға ғылыми қызметкері Айбек Айтоллаұлы Мерекеев бар. Ол Алматы қаласынан жаңа екі бөлмелі пәтердің кілтін алды. Жасына қарамастан, Айбек өзін талантты зерттеуші әрі ғылыми жобалардың жауапты жетекшісі ретінде көрсете білді. Оның мақалалары Scopus және Web of Science дерекқорларына кіретін жоғары рейтингі бар халықаралық журналдарда жарияланып, ғылыми қызметінің жоғары деңгейін дәлелдейді. Бүгінде ол жас мамандарға үлгі болып, табандылық, іске адалдық және жаңа білімге ұмтылу үлкен мүмкіндіктерге жол ашатынын көрсетіп келеді.

Жас ғалымға пәтер табыстау тек лайықты марапат қана емес, сонымен қатар болашақта биік жетістіктерге жетуге ынталандырушы күш болды. Бұл оқиға қоғамдағы ғылыми еңбектің құндылығын айқын көрсетіп, Қазақстанда жастарды қолдауға және ғылымды дамытуға бағытталған жаңа мемлекеттік саясаттың көрінісі болып табылады.

Аэроғарыш комитеті Мерекеев А.А.-ны шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс, жаңа ашылулар және ғылымдағы биік жетістіктер тілейді.