Астанада KAZROCKETS Aerospace Tournament 2025 ұлттық турнирінің финалы өтті


2025 жылғы 1 маусым күні Астана қаласында еліміздің ең ірі инженерлік турнирлерінің бірі — KAZROCKETS Aerospace Tournament 2025 (KAT 2025) финалдық кезеңі сәтті өтті. Биылғы турнирге Қазақстанның түкпір-түкпірінен 67 команда қатысып, өздерінің зымыран модельдері мен дрон жобаларын ұсынды.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік командалар анықталып, жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар, халықаралық жарыстарға жолдамалар және білім гранттары табысталды. Турнирдің жалпы жүлде қоры 2 миллион теңгені құрады. Сонымен қатар, Алматы энергетика және байланыс университеті (Energo University) турнирдің жеңімпаздарына білім гранттарын ұсынды.
Турнир жеңімпаздары:
S3A (Парашют) санаты бойынша
- 🥇 1 орын — Кожахмет Исламбек (Астана қ., Республикалық физика-математика мектебі)
- 🥈 2 орын — Сансызбай Ернұр Ерланұлы, Равхат Ержан (Орал қ., Қазлатов мектеп-лицейі)
- 🥉 3 орын — Нуртай Нуржан (Орал қ., Жаңақалалық мектеп-гимназиясы)
S6A (Ленталар) санаты бойынша
- 🥇 1 орын — Қоржаспай Ерлан (Астана қ., Бибігүл Төлегенова атындағы шығармашылық мектебі)
- 🥈 2 орын — Орах Нұр Айсаулы (Кульсары қ., Д. Жазығұлов атындағы №16 жалпы білім беретін мектеп)
Модельді Зымыран Тасығыштар санаты бойынша
- 🥇 1 орын — N2625superPayGartyGoida командасы (Астана қ., Назарбаев Зияткерлік мектебі, физика-математика бағыты)
- 🥈 2 орын — UraN9new2era командасы (Алматы қ., №92 Махатма Ганди атындағы мамандандырылған лицей)
- 🥉 3 орын — N2625 Mark-1 командасы (Астана қ., Назарбаев Зияткерлік мектебі, физика-математика бағыты)
KAZROCKETS Aerospace Tournament турнирі жыл сайын еліміздің жас инженерлері үшін үлкен тәжірибе алаңына айналып келеді. Оқушылар инженерлік жобалау, техникалық есептер, прототип құрастыру және командалық жұмыс дағдыларын дамытты.
Турнирді ұйымдастырушылар — «KAZ ROCKETS» қоғамдық қоры және «Астана Дарыны» дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы.
Турнирдің ресми серіктесі ретінде Energo University оқу орны жеңімпаздарға қаржылай сыйақылар мен білім гранттарын ұсынды.
«Бүгінгі жарысқа қатысқан жасөспірімдер — болашақта Қазақстанның спутниктерін, зымырандарын, байланыс жүйелерін жасайтын болашақ инженерлер. Осындай жарыстар арқылы еліміздің ғылыми әлеуеті қалыптасады», — дейді ұйымдастырушылар.