Ғарышкерлер күніне орай, Алматының жас астрофизиктері зымырандарды сәтті ұшырды

Ғарышкерлер күніне орай, Алматының жас астрофизиктері зымырандарды сәтті ұшырды

Ғарышкерлер күніне орай, Алматының жас астрофизиктері зымырандарды сәтті ұшырды

 

2025 жылғы 11 сәуірде, Дүниежүзілік авиация және ғарыш күні қарсаңында, Алматы қаласындағы Оқушылар сарайында ғылыми-инженерлік жарқын іс- шара – астрофизика зертханасының оқушылары құрастырған зымыран модельдерін салтанатты ұшыру рәсімі өтті.

Оқушылар бұл шараға бір ай бойы мұқият дайындалды: құрылымдарын жобалап, материалдарын сынақтан өткізіп, ұшу аппараттарының аэродинамикалық сипаттамаларын талқылады. Зымырандар қағаздан, карамель отынынан және 3D басып шығарылған PLA композиттік материалынан қолдан жасады.

Бірегей модельдердің авторлары қатарында – Ғарыштану зертханасының жас өнертапқыштары: Маргарита Макарова, Әділжан Марат, Фатима Мылтықбай, Камилла Каримова, Назима Құдайбергенова және Айхан Талипов бар. Әрқайсысы өз зымыранына тек техникалық білімін ғана емес, сонымен қатар жауапкершілік, креативтілік пен ғылымға деген шынайы қызығушылығын көрсете отырып, жүрек жылуын да қосты!

Зымыран ұшыру керемет өтті: барлық зымырандар сәтті көкке көтеріліп, шамамен 200 метр биіктікке жетіп, апогей нүктесінде парашюттерін ашты. Бұл оқушылардың тамаша дайындық деңгейінің және іске деген байыпты көзқарасының айқын дәлелі болды.

Бұл мерекелік шара білім беру жобасының шарықтау шегі ғана емес, сонымен қатар барлық қатысушылар үшін нағыз шабыт көзіне айналды. Ол бүгінгі оқушылардың арасында болашақ инженерлер, ғалымдар және тіпті ғарышкерлер болуы мүмкін екенін дәлелдеді — олар жаңа биіктерді бағындыруға дайын!