GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпарат
Қызметі
Құжаттар
Комитет туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
01 сентября 2026
В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институтының жас ғалымына тұрғын үй сертификаты табысталды

2026 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушы Саясат Нұрбек Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында бес жас ғалымға тұрғын үй сертификаттарын табыстады.

Сертификат иегерлерінің қатарында Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы - «В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институты» ЖШС космология, жұлдыздар динамикасы және есептеу астрофизикасы зертханасының кіші ғылыми қызметкері Гульнара Бадырханқызы Сулиева бар.

Гульнара Сулиева В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институтында 2022 жылғы мамыр айынан бастап жұмыс істейді және теориялық астрофизика, космология, жалпы салыстырмалылық теориясы, қара құрдымдар физикасы және қараңғы материя салаларында ғылыми зерттеулер жүргізеді.

Жас ғалымның H-index көрсеткіші - 4, ал Scopus базасындағы ғылыми еңбектеріне жасалған дәйексөздер саны - 76. 2025 жылы ол «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үздік жас ғалымы» марапатына ие болды. Сондай-ақ халықаралық ғылыми конференцияларға, оның ішінде ICTPA-2024 International Conference on Theoretical Physics and Astrophysics конференциясына қатысып, 2023 жылы студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» халықаралық конференциясында екінші орын иеленді.

Гульнара Сулиеваның ғылыми зерттеу нәтижелері жетекші шетелдік және отандық ғылыми басылымдарда жарияланған. Оның жарияланымдар қоржынында Scopus және Web of Science дерекқорларында индекстелетін журналдардағы мақалалар бар. Олардың қатарында The European Physical Journal C, General Relativity and Gravitation, Physics of the Dark Universe, Chinese Journal of Physics және International Journal of Modern Physics D журналдары бар. Бірқатар ғылыми еңбектері бірінші және екінші квартильге кіретін басылымдарда жарық көрген.

Тұрғын үй сертификаттарын табыстау Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 31 мамырда «Ғылым ордасында» жас ғалымдармен кездесу барысында берген тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылуда. Бұл шара жас зерттеушілерді әлеуметтік қолдауға, олардың кәсіби дамуына қолайлы жағдай жасауға және отандық ғылымның кадрлық әлеуетін нығайтуға бағытталған.

Жас ғалымдарды, оның ішінде астрофизика және ғарыштық зерттеулер саласында еңбек ететін мамандарды қолдау іргелі ғылымды дамытуға және Қазақстанның ғарыш саласының ғылыми-технологиялық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.

Аэроғарыш комитеті Гульнара Сулиеваны тұрғын үй сертификатын алуымен құттықтап, алдағы ғылыми қызметіне табыс, жаңа ғылыми нәтижелер мен кәсіби жетістіктер тілейді.

 

27 июля 2026
Туған күніңізбен ғарышкер!

ҚҰРМЕТТІ АЙДЫН АҚАНҰЛЫ!

Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті атынан Сізді туған күніңізбен құттықтаймыз!

Сіз – ғарышқа ұшқан Қазақстан Республикасының тұңғыш азаматы ретінде еліміздің тарихынан ерекше орын алған тұлғасыз. Сіздің ғарыш сапарыңыз Тәуелсіз Қазақстанның ғылыми-технологиялық мүмкіндіктерін танытып, отандық ғарыш саласының дамуындағы маңызды кезеңге айналды.

Сіздің өмір жолыңыз әрбір үлкен жетістіктің негізінде терең білім, жауапкершілік пен көп жылғы табанды еңбек жатқанын көрсетеді. Бұл – ғылымды, технологияны және инженерлік мамандықтарды таңдаған қазақстандық жастар үшін құнды өнеге.

Бүгінде еліміз ғарыштық зерттеулер саласында жаңа белестерге ұмтылуда. Сіздің кәсіби тәжірибеңіз бен жетістіктеріңіз өскелең ұрпақты өз мүмкіндіктеріне сеніп, биік мақсаттарға ұмтылуға жігерлендіреді.

Сонымен қатар, Сіздің басшылығыңызбен «Бәйтерек» жобасы аясында
«Союз-5»/«SUNKAR» зымыран-тасығышының алғашқы сынақтық ұшырылымының сәтті жүзеге асырылуы отандық ғарыш саласының маңызды жетістігі болды.

Құрметті Айдын Ақанұлы, Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға бақыт пен бақ-береке тілейміз. Біліміңіз, тәжірибеңіз бен күш-жігеріңіз Қазақстанның өркендеуіне әлі де ұзақ жылдар қызмет етіп, жарқын үлгіңіз жастарды жұлдыздарға бастар жолда нық қадам басуға жігерлендіре берсін!

Туған күніңіз құтты болсын!

27 июля 2026
Тұңғыш қазақ ғарышкеріне 80 жас!

ҚҰРМЕТТІ ТОҚТАР ОҢҒАРБАЙҰЛЫ!

 

Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті атынан Сізді 80 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіз – қазақ халқының ғасырлар бойғы асқақ арманын ғарыш кеңістігіне алып шыққан тарихи тұлғасыз. Тұңғыш қазақ ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры және Қазақстанның Халық Қаһарманы ретінде Сіздің есіміңіз ел тарихына мәңгі жазылды, ал Сіз танытқан батылдық пен жоғары кәсіби шеберлік оның жарқын бетіне айналды.

Сіздің кәсіби жолыңыз, батылдығыңыз және отандық авиация мен ғарыш саласының дамуына қосқан үлесіңіз зор құрметке лайық.

Сіздің 80 жылдық мерейтойыңыз – отандық авиация мен ғарыш саласының тарихымен сабақтасқан маңызды әрі мерейлі дата.

Бүгінде еліміз ғарыш саласын дамыта отырып, жаңа көкжиектерге ұмтылуда. Осындай өршіл мақсаттардың бастауында Сіздей азаматтың ерлігі, еңбегі және елге деген сенімі тұр.

Құрметті Тоқтар Оңғарбайұлы, Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық пен бақ-береке және сарқылмас күш-қуат тілейміз. Әрдайым ел-жұрттың құрметі мен ыстық ықыласына бөленіп, қазақстандықтардың өскелең ұрпағына отаншылдық пен қайсарлықтың жарқын үлгісі болып жүре беріңіз!

Туған күніңіз құтты болсын!  

12 мая 2026
2026-2028 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсы шеңберінде мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамадан өтпестен қайтарылған өтінім туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті 2026-2028 жылдарға арналған ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсы шеңберінде ұсынылған өтінімдерді тексеру нәтижелері туралы хабарлайды.

«Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 7 қарашадағы №517 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді.

Тексеру нәтижелері бойынша конкурс шеңберінде ұсынылған 5 өтінімнің ішінен 1 өтінім белгіленген талаптарға сәйкес келмейді деп танылып, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамадан өтпестен қайтарылады.

Өтінімді қайтаруға өтінімнің ресімделуі конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмеуі және талап етілетін құжаттардың ұсынылмауы негіз болды.

 

№

ЖТН

Өтінімнің атауы

Өтінім беруші

Ғылыми жетекші

Іске асыру кезеңі

Зерттеу түрі

Басым бағыты

Техникалық тапсырма

Қайтару негізі

1

BR34836838

Төмен орбиталы ғарыш аппараттарына арналған «Ғарыш-Жер» бағытталған байланысын қамтамасыз ететін командалық-телеметриялық қабылдау-тарату құрылғысының инженерлік моделін және фазалық антенналық торды әзірлеу

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Мейрамбекұлы Нұрсұлтан

01.05.2026 - 31.12.2028

Қолданбалы

Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар

№ 3

Өтінімнің ресімделуі конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмеуі және талап етілетін құжаттардың ұсынылмауы: пысықтауға дейін конкурсқа қатысуға өтінім екі тілде - орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған, ал пысықтаудан кейін ағылшын тіліндегі конкурсқа қатысуға өтінім жоқ. «Ағылшын тіліндегі конкурсқа қатысуға өтінім» бөлімінде орыс тіліндегі өтінім жүктелген. Осыған байланысты бұрын пысықтауға жіберілген ескертулердің жойылғанын тексеру және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін бағалау мүмкін емес.

 

10 апреля 2026
Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлын Ғарышкерлер күнімен құттықтау

Құрметті Тоқтар Оңғарбайұлы!

Аэроғарыш комитетінің атынан Сізді Ғарышкерлер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бүгінде ғарыш саласы дамудың жаңа кезеңін бастан өткеріп, адамзат алдында сапалық тұрғыдан жаңа көкжиектерді ашуда. Осы ілгерілеудің жарқын белгілерінің бірі - Artemis II халықаралық миссиясына дайындық. Бұл - соңғы ондаған жылдардан кейінгі Айға жасалатын алғашқы пилотты ұшу болып, адамның алыс ғарышқа қайта оралуын айқындайды және болашақ ай бағдарламаларының негізін қалыптастырады.

Осындай тарихи жетістіктер аясында Сіздің Қазақстанның ғарыш саласының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесіңіз ерекше маңызды. Сіздің аңызға айналған ғарыш сапарыңыз тәуелсіз мемлекет тарихындағы маңызды белес қана емес, сонымен бірге ұлттық космонавтика, ғылым және инженерия мектебінің қалыптасуына қуатты серпін берді. Сіз елдің ғарыш жолының бастауында тұрып, оның одан арғы технологиялық дамуының берік негізін қаладыңыз.

Бүгінде жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және ғарыштық зерттеулер қарқынды дамып отырған дәуірде Сіздің мұраңыз жаңа мәнге ие болуда. Дәл Сіз сияқты тұлғалардың арқасында ғылым, білім мен инновациялар прогрестің негізгі қозғаушы күшіне айналатын ұрпақтар сабақтастығы қалыптасуда.

Сіздің өмір жолыңыз Отанға адал қызмет етудің, жоғары кәсібиліктің және қайсар рухтың жарқын үлгісі болып табылады. Тарихи маңызы зор оқиғалар мен мерейтойлар тоғысқан осы жылы Сіздің есіміңіз жастарды білімге ұмтылуға, зерттеу жүргізуге және жаңа биіктерді бағындыруға жігерлендіре береді.

Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақ-береке және Қазақстан Республикасының өркендеуі жолындағы жаңа жетістіктер тілейміз!

Ізгі құрметпен,
Аэроғарыш комитеті

25 февраля 2026
«Инфракос» РМК бас бухгалтерінің уақытша бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру

Ұйым атауы: Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын «Инфракос»
Орналасқан жері: Байқоңыр қаласы, Мир көшесі, 13А үй

Телефон нөмірі: 8 -336 2-27-74-12
Электрондық пошта: Post@infracos.kz

Бас бухгалтердің уақытша бос лауазымына орналасуға  конкурс жариялайды:

Бос лауазымның

атауы

Саны

Еңбекақы

Бас бухгалтер

1 ставка

штаттық кестеге сәйкес

Критерийлер

Бас бухгалтерге қойылатын талаптар

Біліктілік талаптары

Жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) кәсіби (экономикалық) білім, соңғы 5 жыл ішінде қаржы-бухгалтерлік жұмыста, соның ішінде басқарушылық қызметтерде тәжірибе.

Функционалды міндеттері

1.     ұйымның бухгалтерлік есебі мен қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыруды, материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды үнемді пайдалануды, ұйым балансындағы мүліктің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

2.     есептік-экономикалық бөлімшелердің (қызметтердің) қызметін басқарады және қамтамасыз етеді;

3.     қаржы-экономикалық қатынастарды қалыптастыру және реттеу жөніндегі бөлімшенің жұмысын бағыттайды және үйлестіреді, өз құзыреті шегінде әкімшілік мәселелерді шешеді, ұйымның бірінші басшысының жалпы басшылығымен және басқа бөлімшелер мен қызметтер басшыларымен өзара іс-қимылда өз міндеттерін орындайды;

4.     бухгалтерлік есеп туралы заңнамаға сәйкес ұйым құрылымы мен қызметінің ерекшеліктерін, оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып есеп саясатын қалыптастырады;

5.     жұмыс шоттар жоспарын (қаржыландыру жоспарын), шаруашылық операцияларды ресімдеуге қолданылатын бастапқы есептік құжаттар нысандарын, ішкі бухгалтерлік есептілік құжаттарының нысандарын әзірлеу және қабылдау, түгендеулер жүргізу тәртібін қамтамасыз ету, шаруашылық операцияларды бақылау, бухгалтерлік ақпаратты өңдеу технологиясын және құжат айналымы тәртібін сақтау бойынша жұмысты басқарады;

6.     есептік-есептеу жұмыстарын барынша орталықтандыру, заманауи техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды, есеп пен бақылаудың озық нысандары мен әдістерін қолдану негізінде ұйым мен оның бөлімшелерінде бухгалтерлік есеп пен есептілікті ұтымды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

7.     ұйым қызметі, оның мүліктік жағдайы, кірістері мен шығыстары туралы толық әрі дұрыс бухгалтерлік ақпаратты қалыптастыруды және уақтылы ұсынуды, сондай-ақ қаржылық тәртіпті нығайтуға бағытталған іс-шараларды әзірлеу мен іске асыруды қамтамасыз етеді;

8.     мүлікті, міндеттемелерді және шаруашылық операцияларды есепке алуды, негізгі құралдардың, тауарлық-материалдық құндылықтар мен ақшалай қаражаттың түсуін, олардың қозғалысына байланысты операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында уақтылы көрсетуді, өндіріс пен айналыс шығындарын, шығыс сметаларының орындалуын, өнімді өткізуді, жұмыстарды (қызметтерді) орындауды, ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметінің нәтижелерін, сондай-ақ қаржылық, есеп айырысу және кредиттік операцияларды есепке алуды ұйымдастырады;

9.     құжаттардың заңдылығын, уақтылы және дұрыс ресімделуін, өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құнының экономикалық негізделген калькуляцияларын жасауды, еңбекақы бойынша есеп айырысуларды, салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің мемлекеттік бюджетке, зейнетақы және басқа да сақтандыру жарналарының, банктерге төлемдердің, күрделі салымдарды қаржыландыруға арналған қаражаттың дұрыс есептелуі мен аударылуын қамтамасыз етеді;

10.                       бастапқы және бухгалтерлік құжаттарды, есеп айырысу және төлем міндеттемелерін ресімдеу тәртібінің сақталуын, еңбекақы қорының жұмсалуын, қызметкерлердің еңбекақысын дұрыс есептеуді, негізгі құралдарға, тауарлық-материалдық құндылықтарға және ақшалай қаражатқа түгендеулер жүргізуді, бухгалтерлік есеп пен есептілікті тексеруді, сондай-ақ ұйым бөлімшелерінде құжаттық ревизиялар жүргізуді бақылауды жүзеге асырады;

11.                       ішкі шаруашылық резервтерді анықтау, шығындар мен өнімсіз шығыстарды жою мақсатында бухгалтерлік есеп пен есептілік деректері бойынша ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметіне экономикалық талдау жүргізуге қатысады;

12.                       жетіспеушіліктердің, ақшалай қаражат пен тауарлық-материалдық құндылықтарды заңсыз жұмсаудың, қаржылық және шаруашылық заңнаманы бұзудың алдын алу жөнінде шаралар қабылдайды;

13.                       ақшалай қаражат пен тауарлық-материалдық құндылықтардың жетіспеушіліктері мен ұрлануы бойынша қаржылық тергеп-тексерулер жүргізуге және материалдарды ресімдеуге қатысады, қажет болған жағдайда осы материалдарды тергеу және сот органдарына беруді бақылайды;

14.                       ұйымның банкроттығын ресімдеу рәсімдеріне қатысады;

15.                       ұйымның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қаржы қаражатын жинақтау жөнінде шаралар қабылдайды;

16.                       бос қаржы қаражатын банктік депозиттік салымдарға (сертификаттарға) орналастыру және бағалы қағаздар сатып алу мәселелері бойынша банктермен өзара іс-қимыл жасайды, депозиттік және кредиттік шарттармен, бағалы қағаздармен есеп операцияларының жүргізілуін бақылайды;

17.                       штаттық, қаржылық және кассалық тәртіптің, әкімшілік-шаруашылық және өзге де шығыстар сметаларының қатаң сақталуын, бухгалтерлік есеп шоттарынан жетіспеушіліктерді, дебиторлық берешекті және өзге де шығындарды есептен шығарудың заңдылығын, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын, оларды белгіленген тәртіппен ресімдеу мен архивке тапсыруды қамтамасыз етеді;

18.                       қаржылық есептілікті (баланстар, пайда мен зиян туралы есептер, ақша қаражатының қозғалысы туралы есептер және капиталдағы өзгерістер туралы есептер), кірістер мен шығыстар туралы жедел жиынтық есептерді, бюджетті пайдалану туралы, өзге де бухгалтерлік, салықтық және статистикалық есептілікті жасау мен оларды белгіленген тәртіппен тиісті органдарға ұсынуды қамтамасыз етеді және есептік ақпараттың объективтілігін қамтамасыз етеді;

19.                       заманауи есептеу техникасын қолдану негізінде жоспарлау және есептік құжаттаманың ұтымды жүйесін, бухгалтерлік есепті жүргізудің озық нысандары мен әдістерін әзірлеуге және енгізуге қатысады;

20.                       ұйым бөлімшелерінің қызметкерлеріне бухгалтерлік есеп, бақылау, есептілік және экономикалық талдау мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетеді;

21.                       бухгалтерия қызметкерлерін басқарады.

 

Білуі керек

1.     бухгалтерлік есеп саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді;

2.     бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және есептілік жасау мәселелері бойынша жоғары тұрған, қаржылық және бақылау-ревизиялық органдардың әдістемелік және өзге де материалдарын, сондай-ақ ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметіне қатысты азаматтық құқықты, қаржылық, салықтық, әкімшілік-шаруашылық заңнаманы;

3.     зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнаманың негіздерін, ұйым құрылымын, оның даму стратегиясы мен перспективаларын;

4.     ұйымдағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру туралы ережелер мен нұсқаулықтарды, оны жүргізу тәртібін;

5.     операцияларды ресімдеу тәртібін және есеп учаскелері бойынша құжат айналымын ұйымдастыруды, қаржылық есеп айырысулардың нысандары мен тәртібін;

6.     ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметіне экономикалық талдау жүргізу, ішкі шаруашылық резервтерді анықтау әдістерін;

7.     ақшалай қаражатты, тауарлық-материалдық және өзге де құндылықтарды қабылдау, кіріске алу, сақтау және жұмсау тәртібін;

8.     дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу тәртібін, заңды және жеке тұлғаларды салық салу шарттарын;

9.     бухгалтерлік есеп шоттарынан жетіспеушіліктерді, дебиторлық берешекті және өзге де шығындарды есептен шығару тәртібін;

10.                       ақшалай қаражат пен тауарлық-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізу тәртібін;

11.                       бухгалтерлік баланстар мен есептілікті жасау тәртібі мен мерзімдерін;

12.                       тексерулер мен құжаттық ревизиялар жүргізу тәртібін;

13.                       есептеу техникасының заманауи құралдарын және оларды есептік-есептеу жұмыстарын орындау және ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызметін талдау үшін қолдану мүмкіндіктерін, атап айтқанда салықтық және бухгалтерлік есептілікке арналған қолданбалы бағдарламаларды;

14.                       бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жетілдірудің озық отандық және шетелдік тәжірибесін;

15.                       қаржылық есептіліктің халықаралық және ұлттық стандарттарын, қаржылық есептілік депозитарийімен жұмыс істеу дағдыларын;

16.                       өндіріс технологиясының негіздерін, шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістерін;

17.                       экономика, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздерін;

18.                       еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарын.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі:  2026 жылғы 2–11наурыз
Құжаттарды қабылдау кестесі: дүйсенбі–жұма, 08:00–17:30, түскі үзіліс 13:00–14:30,  демалыс күндерінен басқа.

         Конкурсқа қатысу үшін қажетті нотариальды куәландырылған құжаттардың тізбесі қағаз түрінде қолма қол Аэроғарыш комитетіне

Астана қаласы, Тұран даңғылы 98 Г.

Астана пошталық мекенжайы 010017.  Астана қ. Тұран даңғылы 89 Г.

Байланыс телефоны: 8 (7172) 57-05-14

Email: kazkosmos@mdai.gov.kz

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. Қоса беріліп отырғанқұжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Жеке куәліктің көшірмесі;
  3. Кадрларды есепке алу парағы;
  4. Білім туралы құжат көшірмелері;
  5. Еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі;
  6. Соттылығы бар/жоқтығы туралы анықтама;
  7. Денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (№ ҚР ДСМ-175/2020);
  8. Сыбайлас жемқорлық қылмысы бар/жоқтығы туралы анықтама;
  9. Біліміне, жұмыс тәжирибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынмдар болған кезде қосымша ақпарат (білім, тәжірибе, кәсіби деңгей).

Қатысушыдан бір құжат болмаса, өтініш кері қайтарылады.

Сұхбат өтетін орын: Астана қ., Тұран простпектісі, 89 Г

 (Тараптардың келісімі бойынша әңгімелесуді қашықтықтан  бейне байланыс құралдары арқылы  өткізуге болады).

12 февраля 2026
«Байқоңырбаланс» РММ директорының бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру

Ұйымның атауы: Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Байқоңырбаланс» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: 468320, Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, Носов көшесі, 5/1.

Номер телефона: 8 (336-22) 4-06-40

Электрондық пошта мекенжайы: baikonur_balans@mail.kz

Бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Байқоңырбаланс» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры

 

Бос лауазымның

атауы

Саны

Еңбекақы

Директор

1 ставка

240 325 теңгеден бастап

Критерийлер

Директорға қойылатын талаптар

Біліктілік талаптары

Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ұйымның тиісті бейінінде Экономикалық қызмет түріндегі басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл

Функционалды міндеттері

1) Заңнамаға сәйкес ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржылық-шаруашылық басшылық жасайды;

2)  Қабылданатын шешімдердің орындалуын, ұйым теңгеріміндегі мүліктің сақталуын және толық пайдаланылуын, сондай-ақ оның қызметінің қаржылық-шаруашылық нәтижелерін қамтамасыз етеді;

3) Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды;

4)  Өзге ұйымдармен немесе заңды тұлғалармен шарттар, келісімшарттар, операциялар жасайды, өкімдер мен бұйрықтар шығарады, іскерлік кездесулерде ұйымның атынан өкілдік етеді;

5) Барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады, әлеуметтік және нарықтық басымдықтарды ескере отырып, олардың қызметін жаңалықтар мен нарықтық жағдайдағы өзгерістерге жылдам ден қоятын, тауарлар мен қызметтерді икемді және ұтқыр өндіруді дамыту мен жетілдіруге бағыттайды;

6)  Ұйым жұмысының тиімділігін арттыруды, өнімдер мен қызметтер сатылымын және пайданы ұлғайтуды, өндірілетін өнімнің (қызметтердің) сапасын және бәсеке қабілеттілігін, отандық және шетелдік нарықтарды жаулап алу мақсатында олардың мемлекеттік және жоғары дамыған елдердің, озық компаниялардың стандарттарына сай келуін қамтамасыз етеді;

7) Ұйымның мемлекеттік бюджет, жинақтаушы зейнетақы қорлары және сақтандыру қорлары, өнім берушілер, тапсырыс берушілер және банк мекемелерін қоса алғанда, кредиторлар алдындағы міндеттемелерінің, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарының (келісімшарттарының) және индикативті жоспар мен бизнес-жоспарлардағы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етеді;

8) Кәсіпорынды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіптік білімдері мен тәжірибесін тиімді пайдалану мен дамыту, адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың талаптарын сақтау, ұжымда қолайлы психологиялық орта қалыптастыру бойынша шаралар қабылдайды;

9)  Басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістерінің үйлесуін, өндірістік және өзге мәселелерді талқылау мен шешуді, өндірістің тиімділігін арттыруды материалдық және моральдық көтермелеуді қамтамасыз етеді;

10) Әлеуметтік әріптестік принциптері негізінде ұжымдық шарттарды әзірлеу, жасау және орындау, еңбек және өндіріс тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді, жұмыскерлердің еңбекке ынталылығын, бастамасын және белсенділігін дамытуға ықпал етеді;

11) Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық және өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты мәселелерді оған заңнама бойынша берілген құқықтар шегінде шешеді, өзге лауазымды адамдарға – директорлардың орынбасарларына, кәсіпорынның өндірістік бірліктері мен филиалдарының, сондай-ақ функционалдық және өндірістік бөлімшелерінің басшыларына қызметтің жекелеген бағыттарын жүргізуді тапсырады;

12) Ұйым қызметінде және оның шаруашылық-экономикалық байланыстарын жүзеге асыруда заңдылықтың сақталуын, нарық жағдайында қаржылық басқару мен жұмыс істеуге арналған құқықтық құралдардың пайдаланылуын, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу, бизнестің (кәсіпкерлік қызметтің) ауқымын қолдау және кеңейту мақсатында ұйымның инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етеді;

13) Сотта, төрелік сотта мемлекеттік билік және басқару органдарында кәсіпорынның мүліктік және өзге де мүддесін қорғайды және оның атынан өкілдік етеді.

Білуі керек

1) Ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін, экономиканың және жалпы экономикалық қызметтің тиісті түрінің дамуының басым бағыттарын, ұйымның техникалық, экономикалық және әлеуметтік дамуының перспективаларын, стратегиясын, басымдықтарын айқындайтын заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер және мемлекеттік органдардың актілері;

2) Ұйымның қызметіне қатысы бар өзге де органдардың әдістемелік және нормативтік материалдары;

3) Ұйымның бейіні, ерекшелігі және құрылымының ерекшелігі;

4) Есеп және қаржылық талдау негіздері, кредит беру схемалары;

5) Ұйымның өндірістік қуаты мен кадр резервтері;

6) Ұйымның өнім өндіру технологиясы;

7) Салық заңнамасы;

8) Ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметінің бизнес-жоспарларын жасау және келісу тәртібі;

9) Ұйым шаруашылығын жүргізу және басқарудың заманауи әдістері;

10) Стратегиялық жоспарлау, нарық - сыртқы және ішкі (өзінің секторы және онымен өзара байланыс) конъюнктурасы, бәсекелестер, өнім берушілер мен тұтынушылар;

11) Ұйымға өзінің нарықтағы жай-күйін айқындауға және жаңа өткізу нарығына шығу бағдарламасын әзірлеуге мүмкіндік беретін экономикалық индикаторлар жүйесі;

12) Практикалық маркетинг, жарнама техникасы, сатуды басқару;

13) Өндірістің тиісті саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктер және озық шетелдік және отандық тәжірибе; тиісті қызмет түрінің тәжірибесі және үздік ұқсас ұйымдардың қызмет тәжірибесі;

шаруашылық және қаржылық шарттар жасау және оларды орындау тәртібі;

14) Салалық келісімдерді, ұжымдық шарттарды әзірлеу және жасасу және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу тәртібі;

15) Ұйымның экономикасы мен қаржысын басқару, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру;

16) Еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

        

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 12-25 ақпан аралығында.

Құжаттарды қабылдау кестесі:дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08:00-ден 17:30-ға дейін, демалыс күндерін қоспағанда, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14: 30-ға дейін.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі Аэроғарыш комитетінің атына қолма-қол қағаз түрінде пошта арқылы:  индекс 010017, Астана қаласы, Тұран даңғылы, 89 Г 

Байланыс телефоны:  8 (7172) 57-05-14 email:  k.kazkosmos@mdai.gov.kz

1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген)

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін; 

6) соттылығы туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы ұсынады.

8) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама.

9) біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (бар болса) (біліктілігін арттыру, ғылыми далалар мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар).

         Жоғарыда көрсетілген құжаттардың біреуі болмаған жағдайда, құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.         Әңгімелесу өткізу орны: Астана қаласы, Тұран даңғылы, 89 Г

(Тараптардың келісімі бойынша әңгімелесуді қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы жүргізуге жол беріледі.).

 

12 февраля 2026
2026-2028 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ, ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША БАҒДАРЛАМАЛЫҚ-НЫСАНАЛЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА АРНАЛҒАН КОНКУРС

Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті Конкурстық құжаттамаға сәйкес «Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар» басым бағыты бойынша 2026-2028 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға конкурс жариялайды.

Конкурстық құжаттама және өтінімді ресімдеу бойынша түсіндіруді жүзеге асыратын жауапты тұлғалар – Смаилова Гулжан Серикбаевна, телефон: 51-05-20, Байманова Ажар Булатқызы, телефон: 57-05-24. Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, сағат 8:00-ден 17:30-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Өтінімдерді тіркеу және ЖТН (жеке тіркеу нөмірі) алу үшін «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесімен (is.ncste.kz) жұмыс істеу бойынша Call center: +7 727 2221102 (ішкі. 208, 209, 212, 220, 222, 224, 227, 232, 240, 241, 242). Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін.

Конкурстық өтінімдер Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Аэроғарыш комитетіне бағдарлама басшысының және өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық түрде «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы мына сілтеме бойынша беріледі: www.is.ncste.kz.

«ҚБП» және «Құпия» деген белгісі бар өтінімдер Аэроғарыш комитетіне «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып және «Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 Қаулысының талаптарына сәйкес арнайы пошта арқылы таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың құпиялылығын сақтау шарттарында екі данада беріледі.

Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2026 жылғы 12 ақпанынан бастап.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2026 жылғы 12 наурыз (қоса алғанда).

2026-2028 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстық құжаттама.

 

 

12 декабря 2025
«Байқоңырбаланс» РММ директорының бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру

Ұйымның атауы: Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Байқоңырбаланс» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: 468320, Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, Носов көшесі, 5/1.

Номер телефона: 8 (336-22) 4-06-40

Электрондық пошта мекенжайы: baikonur_balans@mail.kz

Бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: Қазақстан Республикасы жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің "Байқоңырбаланс" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры

 

Бос лауазымның

атауы

Саны

Еңбекақы

Директор

1 ставка

240 325 теңгеден бастап

Критерийлер

Директорға қойылатын талаптар

Біліктілік талаптары

Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ұйымның тиісті бейінінде Экономикалық қызмет түріндегі басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл

Функционалды міндеттері

1) Заңнамаға сәйкес ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржылық-шаруашылық басшылық жасайды;

2)  Қабылданатын шешімдердің орындалуын, ұйым теңгеріміндегі мүліктің сақталуын және толық пайдаланылуын, сондай-ақ оның қызметінің қаржылық-шаруашылық нәтижелерін қамтамасыз етеді;

3) Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды;

4)  Өзге ұйымдармен немесе заңды тұлғалармен шарттар, келісімшарттар, операциялар жасайды, өкімдер мен бұйрықтар шығарады, іскерлік кездесулерде ұйымның атынан өкілдік етеді;

5) Барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады, әлеуметтік және нарықтық басымдықтарды ескере отырып, олардың қызметін жаңалықтар мен нарықтық жағдайдағы өзгерістерге жылдам ден қоятын, тауарлар мен қызметтерді икемді және ұтқыр өндіруді дамыту мен жетілдіруге бағыттайды;

6)  Ұйым жұмысының тиімділігін арттыруды, өнімдер мен қызметтер сатылымын және пайданы ұлғайтуды, өндірілетін өнімнің (қызметтердің) сапасын және бәсеке қабілеттілігін, отандық және шетелдік нарықтарды жаулап алу мақсатында олардың мемлекеттік және жоғары дамыған елдердің, озық компаниялардың стандарттарына сай келуін қамтамасыз етеді;

7) Ұйымның мемлекеттік бюджет, жинақтаушы зейнетақы қорлары және сақтандыру қорлары, өнім берушілер, тапсырыс берушілер және банк мекемелерін қоса алғанда, кредиторлар алдындағы міндеттемелерінің, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарының (келісімшарттарының) және индикативті жоспар мен бизнес-жоспарлардағы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етеді;

8) Кәсіпорынды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіптік білімдері мен тәжірибесін тиімді пайдалану мен дамыту, адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың талаптарын сақтау, ұжымда қолайлы психологиялық орта қалыптастыру бойынша шаралар қабылдайды;

9)  Басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістерінің үйлесуін, өндірістік және өзге мәселелерді талқылау мен шешуді, өндірістің тиімділігін арттыруды материалдық және моральдық көтермелеуді қамтамасыз етеді;

10) Әлеуметтік әріптестік принциптері негізінде ұжымдық шарттарды әзірлеу, жасау және орындау, еңбек және өндіріс тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді, жұмыскерлердің еңбекке ынталылығын, бастамасын және белсенділігін дамытуға ықпал етеді;

11) Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық және өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты мәселелерді оған заңнама бойынша берілген құқықтар шегінде шешеді, өзге лауазымды адамдарға – директорлардың орынбасарларына, кәсіпорынның өндірістік бірліктері мен филиалдарының, сондай-ақ функционалдық және өндірістік бөлімшелерінің басшыларына қызметтің жекелеген бағыттарын жүргізуді тапсырады;

12) Ұйым қызметінде және оның шаруашылық-экономикалық байланыстарын жүзеге асыруда заңдылықтың сақталуын, нарық жағдайында қаржылық басқару мен жұмыс істеуге арналған құқықтық құралдардың пайдаланылуын, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу, бизнестің (кәсіпкерлік қызметтің) ауқымын қолдау және кеңейту мақсатында ұйымның инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етеді;

13) сотта, төрелік сотта мемлекеттік билік және басқару органдарында кәсіпорынның мүліктік және өзге де мүддесін қорғайды және оның атынан өкілдік етеді.

Білуі керек

1) Ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін, экономиканың және жалпы экономикалық қызметтің тиісті түрінің дамуының басым бағыттарын, ұйымның техникалық, экономикалық және әлеуметтік дамуының перспективаларын, стратегиясын, басымдықтарын айқындайтын заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер және мемлекеттік органдардың актілері;

2)  ұйымның қызметіне қатысы бар өзге де органдардың әдістемелік және нормативтік материалдары;

3)  ұйымның бейіні, ерекшелігі және құрылымының ерекшелігі;

4) Есеп және қаржылық талдау негіздері, кредит беру схемалары;

5) Ұйымның өндірістік қуаты мен кадр резервтері;

6) Ұйымның өнім өндіру технологиясы;

7) Салық заңнамасы;

8) Ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметінің бизнес-жоспарларын жасау және келісу тәртібі;

9) Ұйым шаруашылығын жүргізу және басқарудың заманауи әдістері;

10) Стратегиялық жоспарлау, нарық - сыртқы және ішкі (өзінің секторы және онымен өзара байланыс) конъюнктурасы, бәсекелестер, өнім берушілер мен тұтынушылар;

11) Ұйымға өзінің нарықтағы жай-күйін айқындауға және жаңа өткізу нарығына шығу бағдарламасын әзірлеуге мүмкіндік беретін экономикалық индикаторлар жүйесі;

12) Практикалық маркетинг, жарнама техникасы, сатуды басқару;

13) Өндірістің тиісті саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктер және озық шетелдік және отандық тәжірибе; тиісті қызмет түрінің тәжірибесі және үздік ұқсас ұйымдардың қызмет тәжірибесі;

шаруашылық және қаржылық шарттар жасау және оларды орындау тәртібі;

14) Салалық келісімдерді, ұжымдық шарттарды әзірлеу және жасасу және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу тәртібі;

15) Ұйымның экономикасы мен қаржысын басқару, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру;

16) Еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

        

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 12-25 ақпан аралығында.

Құжаттарды қабылдау кестесі:дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08:00-ден 17:30-ға дейін, демалыс күндерін қоспағанда, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14: 30-ға дейін.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі Аэроғарыш комитетінің атына қолма-қол қағаз түрінде пошта арқылы:  индекс 010017, Астана қаласы, Тұран даңғ. 89 Г 

Байланыс телефоны:  8 (7172) 57-05-14 email:  k.kazkosmos@mdai.gov.kz

1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген)

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін; 

6) справка о наличии либо отсутствии сведений о судимости;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы ұсынады.

8) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама.

9) біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (бар болса) (біліктілігін арттыру, ғылыми далалар мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар).

         Жоғарыда көрсетілген құжаттардың біреуі болмаған жағдайда, құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.         Әңгімелесу өткізу орны:  Астана қаласы, Тұран даңғ. 89 Г

(Тараптардың келісімі бойынша әңгімелесуді қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы жүргізуге жол беріледі.).

 

 

12 мая 2025
Kozybayev University мен Ионосфера институты арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою
2023 жылғы 6 мамырда Ионосфера институтының өкілдері Kozybayev University базасында ұйымдастырылған "ТМД елдерінің аэроғарыш саласы үшін орнықты даму, ғылыми зерттеулер және кадрлар даярлау" халықаралық ғылыми-практикалық семинарына қатысты. Іс-шара Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Ресейден келген жетекші ғалымдар мен сарапшыларды біріктіріп, астрофизика, спутниктік технологияларды қолдану, сондай-ақ ғарыш индустриясы үшін білім беру бағдарламаларын жетілдіру саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған алаң құрды.

Ионосфера институты тарапынан ғарыштық ауа-райын зерттеу, атмосфера физикасы, ғарыштық деректерді талдау және төтенше жағдайлардың спутниктік мониторингі жүйелерін әзірлеу саласындағы ғылыми нәтижелер ұсынылды.

Семинардың басты оқиғасы Kozybayev University мен Ионосфера институты арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою болды. Құжат декарбонизация, парниктік газдардың мониторингі, студенттерге арналған білім беру бағдарламаларын іске асыру, сондай-ақ жоғарғы атмосфера мен жерге жақын ғарыш физикасын зерттеу бойынша зерттеулер жүргізу саласында бірлескен жұмысты көздейді.

Профессор Андрей Андреевич Солодовник бастаған Kozybayev University астрофизикалық зерттеулер орталығының жетістіктері қатысушылардың назарын аударды. Орталық ұжымы метеорологиялық процестердің күміс бұлт динамикасымен байланысын дәлелдеуді қоса алғанда, ұзақ мерзімді айнымалы жұлдыздарды зерттеуде инновациялық нәтижелерді ұсынды — бұл әлемдік тәжірибеде теңдесі жоқ жаңалық.

Іс-шараның қорытынды бөлімінде тараптар бірлескен ғылыми жобалардың перспективаларын, Ионосфера институты базасында студенттік практикаларды ұйымдастыруды, сондай-ақ халықаралық ғылыми әріптестік шеңберінде одан әрі өзара іс-қимылдың стратегиялық бағыттарын талқылады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы