KazAID және TIKA 2025 жылға арналған бірлескен бастамаларды белгіледі

KazAID және TIKA 2025 жылға арналған бірлескен бастамаларды белгіледі

KazAID және TIKA 2025 жылға арналған бірлескен бастамаларды белгіледі

2025 жылғы 30 қаңтар, Астана - KazAID Басқарма төрағасы А.Арыстановтың Қазақстандағы ынтымақтастық және үйлестіру жөніндегі түрік агенттігінің (TIKA) үйлестірушісі Х. Озденоглумен кездесуі өтті. Келіссөздер барысында тараптар 2025 жылға арналған ынтымақтастық жоспарларын талқылады.

TIKA үйлестірушісі Х. Озденоглу "Авиценна: Денсаулық сақтау" бірлескен жобасын жалғастыруға және оның 2025 жылы даму перспективаларын қарастыруға қызығушылығын білдірді.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың негізгі бағыттарына назар аудара отырып, биылғы жылы "Авиценна" бағдарламасын іске асырудың негізгі кезеңдерін талқылады.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы бағдарлама Орталық Азияның медициналық жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері үшін сәтті өткізілді.