KazAID: Қырғызстанмен екіжақты ынтымақтастықты дамыту

KazAID: Қырғызстанмен екіжақты ынтымақтастықты дамыту

KazAID: Қырғызстанмен екіжақты ынтымақтастықты дамыту

Астана, 2025 жылғы 10 қаңтар - Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбека Кулубаевтың Астанаға алғашқы ресми сапары аясында Премьер – Министрдің Орынбасары - Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен келіссөздер өтті. Саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды қоса алғанда, екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелері талқыланды.

Мұрат Нұртілеу: "Білім беру және гуманитарлық бағдарламаларды кеңейтудегі KazAID агенттігінің рөліне ерекше көңіл бөлінеді. Біз Орталық Азия елдерінен келген жас дипломаттарға арналған курстарды белсенді жүргізуді, сондай-ақ студенттер арасында академиялық алмасуды және медициналық ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыру бағдарламаларын іске асыруды жалғастырамыз.

Осы тұрғыда біз Қырғызстанды бастамаларға белсенді қатысуға шақырамыз, бұл біздің қарым-қатынасымызды одан әрі нығайтуға қызмет ететіні сөзсіз".