KazAID төрағасы Қытайдың Қазақстандағы елшісімен кездесу өткізді

KazAID төрағасы Қытайдың Қазақстандағы елшісімен кездесу өткізді
Астана, Қазақстан - 2024 жылғы 5 тамыз – «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің басқарма төрағасы Аркен Арыстанов KazAID-пен «CIDCA» Қытайлық Халықаралық даму және ынтымақтастық агенттігімен ықтимал ынтымақтастығын талқылау үшін Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяомен кездесті.
Кездесу барысында А.Арыстанов ҚХР елшісін екіжақты әріптестікті дамытуға қатысты тәсілдер туралы хабардар етті. Тараптар агенттіктер арасындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады және өңірлік жобаларды өзара қолдау туралы уағдаласты.