KazAID тәуелсіз директоры Әсел Қарауылованы мемлекеттік марапат алуымен құттықтаймыз

KazAID тәуелсіз директоры Әсел Қарауылованы мемлекеттік марапат алуымен құттықтаймыз

KazAID  тәуелсіз директоры Әсел Әділқызы Қарауылованы "Ерен еңбегі үшін" мемлекеттік марапат - медалін алуымен құттықтаймыз! 

Марапат Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да PR мамандығын қалпына келтірудің 15 жылдығына арналған конференцияда табысталды.

Әсел Әділқызы ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап KazAID тәуелсіз директоры болып табылады және қоғаммен байланыс бағытында кеңес береді. Біз оның компаниямыздың PR дамуына қосқан үлесін жоғары бағалаймыз. Ол сондай-ақ Қазақстандық баспасөз клубының президенті, Promo group Communications бас директоры, IPRA мүшесі, PR клубының тең құрылтайшысы және НАСО кеңесінің төрағасы.

Алматыда дүниеге келген, 1991 жылы ҚазМУ журналистика факультетін үздік бітірген. 1994 жылы КИМЭП-те MBA дәрежесін, ал 2000 жылы Эдмунд Маска бағдарламасы бойынша АҚШ-тың Миссури-Коламбия университетінде MPA дәрежесін алды.

Әсел Әділқызы - PR бойынша көптеген мақалалардың авторы, коммуникациялар бойынша жаттықтырушы, бизнес-мектептердің оқытушысы. Оның бай халықаралық тәжірибесі және көптеген марапаттары бар.