Душанбеде білім беру мәселелері бойынша халықаралық семинар өтті.
Душанбе, Тәжікстан мен Қазақстанның жоғары оқу орындарының болашақ дәрігерлері, профессорлары мен оқытушылары үшін халықаралық пікірталас алаңына айналды, деп хабарлайды "МИР 24".
Семинарға қатысушылар университеттерінде оқыту бағдарламасын қалай жақсартуға болатынын талқылап, тәжірибе және инновациялық әдістермен алмасты. Ішкі cапаны бақылау жүйесін әзірлеуге және енгізуге ерекше назар аударылып, университеттерді әлемдік рейтингтерде ілгерілету қажеттігін атап өтті. Бұл ретте қазақстандық мамандар тәжік әріптестеріне көмектесуге дайын.
"Біз аймақтарымызда "Телемедицина" бағдарламасын енгізуді жоспарлап отырмыз. Шалғайдағы ауылдарда кейде білікті медициналық көмек алу қиынға соғады. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі "Телемедицина" қызметтерін ұсыну бойынша стандартты әзірледі. Біз бұл тәжірибені Тәжік тарапымен бөліскіміз келеді", - деді "KazAID" Басқарма Төрағасы Аркен Арыстанов.
Семинардың бастамашысы Қазақстандық халықаралық даму агенттігі болды.