GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Бөлім туралы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Все материалы
Орта білім беруді дамыту
23 сентября 2025
Кәсіби қабылдаушы отбасы

02 июля 2024
Ақпарат
12 июня 2024
Хабарландыру

«Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде  көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы жәрмеңке өтеді.

Өткізілетін мерзімі: 13.06.2024 жыл  сағат 15:00

25 апреля 2024
Педагог мәртебесі бойынша жиналыс өткізілді.

2024 жылдың 10 сәуір күні сағат 15:00 ШҚО білім басқармасы «Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімі» ММ-нің ғимаратында Зум желісі арқылы Катонқарағай ауданы бойынша білім беру мекемелерінің басшыларымен жиналыс  өткізілді. Жиналыс барысында «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағына сәйкес педагог өз қызметінде тиісті кәсіптік құзыреттерді меңгеруге, өзінің кәсіптік шеберлігін, зерттеу, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруге, оның ішінде біліктілік санаты деңгейін бес жылда бір реттен сиретпей арттыруға (растауға), педагогтік әдепті сақтауға міндетті екенін айтылды.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығымен бектіліген Педагогикалық әдеп қағидаларына сәйкес педагогтер қызметтік және қызметтік емес уақытта Қазақстан Республикасы педагогінің жоғары атағының беделін түсіруге мүмкіндік туғызатын іс-әрекеттерді жасауға жол бермеуі, өзінің шыншыл, адал және әділ мінез-құлқымен үлгі болуы кректігі айтылды.

 

02 апреля 2024
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша анықтама

Бөлім, ведомстволық бағынысты ұйымдар, яғни мектептер, балабақшалар мемлекеттік қызметтердің 23 түрін көрсетеді. 2023 жылдың 01 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін 3945 (қағаз түрінде - 2922, электронды түрде - 986, Мемлекеттік корпорация арқылы - 37) Мемлекеттік қызмет көрсетілді. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің барлық 17 түрінің 17 түрі автоматтандырылған (электронды түрде ұсынылады, 77% құрайды), 5 түрі балама (қағаз түрінде, 23 %) нұсқада. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша белгіленген мерзімдерді бұзу-жоқ. Көрсетілетін қызметті берушінің атына көрсетілетін қызметті алушыдан шағымдар болған жоқ. Білім бөлімі мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта танымал ету бойынша жүйелі жұмыстарды тұрақты негізде жүргізеді. Білім беру ұйымының қызметкерлеріне "ЭҚО" АЖ, сондай-ақ "электрондық үкімет порталын"пайдалану бойынша тұрақты негізде консультация беру бойынша жұмыс жүргізілуде. Қызметкерлер стандарттар мен ережелердің талаптарына сәйкес қызмет көрсетеді, ең жоғары басымдық-этика. Әлеуетті қызмет алушылар қол жетімді қызметтер және оларды алу мүмкіндіктері туралы үнемі ақпарат алады.

Консультатциялық пункт
14 декабря 2023
Катонқарағай ауданы бойынша консультативті пунктердің жұмысы бойынша ақпарат

Катонқарағай ауданы бойынша консультативті пунктердің жұмысы бойынша ақпарат

 

№

Наименование районов/городов

Ссылка рубрики «Консультационные пункты» на сайте отделов образования района/города

1

Катон-Карагайский район, КГКП «Ясли-сад «Балбөбек»

с. Улкен Нарын

http://katongaragai-balbobek.balabaqshasy.kz/meroprijatija-prazdniki/174-ata-analara-kees-beru-punkt.html

2

Катон-Карагайский район, КГКП «Ясли-сад «Балдырған»

села Алтынбел»

http://altynbel-baldyrgan.balabaqshasy.kz/meroprijatija-prazdniki/71-konsultativtk-punkt.html

3

Катон-Карагайский район,

КГКП «Ясли-сад «Балдырған» села Урыль»

http://katonkaragai-baldyrgan.balabaqshasy.kz/ru.php?query=konsultacijaly-punkt%2F81-baldyran-konsultacijaly-punktn-zhmysy.html

4

Катон-Карагайский район,

КГКП «Ясли-сад «Айгөлек»

села Катон-Карагай 

https://docs.google.com/viewer?url=http%3A%2F%2Fkatonkaragai-aigolek.balabaqshasy.kz%2Findex.php%3Fdo%3Ddownload%26id%3D241%26viewonline%3D1

5

Катон-Карагайский район,

КГКП «Ясли-сад» «Болашақ»

села Ново-Хайрузовка

http://katonkaragai-bolashaq.balabaqshasy.kz/main/86-ata-analara-arnalan-konsultacijaly-keest-2023-2024-ou-zhylyna-arnalan-zhospary.html

6

Катон-Карагайский район,

КГКП «Детский сад «Балауса»

села Солоновка

http://katonkaragai-balausa.balabaqshasy.kz/o-detskom-sade/roditelyam/115-ata-analara.html

7

Катон-Карагайский район,

 КГКП «Ясли-сад села Малонарымка»

http://malonarymka-yaslisad.edu.kz/o-detskom-sade/roditelyam/34-konsultativtk-punkt.html

8

Катон-Карагайский район,

 «Күншуақ» специальный детский сад

http://kunshuaq-katonqaragai.edu.kz/190-konsultacijaly-punkt.html

9

Катон-Карагайский район,

«Ясли-сад «Еркетай»

села Аксу

http://katongaragai-erketai.balabaqshasy.kz/meroprijatija-prazdniki/47-konsultativnyj-punkt.html

 

 

Орта білім беруді дамыту
20 ноября 2023
Катонқарағай ауданы бойынша ББ"Үлкен Нарын орта мектебі" КММ-де ауыл мектептерінің оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың салтанатты ашылуы өтті.

2023 жылғы 20 қарашадан 29 қараша аралығында Қазақстан Республикасының Білім министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлының тапсырмасымен алғаш рет ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өткізілетін болады.
Оған еліміздің шалғай елді мекендерінен 9-11 сынып оқушылары қатысады.
Ауыл мектептеріне арналған Олимпиада Қазақстанның шалғай елді мекендерінен дарынды және талантты балалардың қабілеттерін анықтауға және нығайтуға бағытталған. Олимпиаданы өткізу қағидаларына сәйкес 13 пән бойынша (жаратылыстану–математикалық бағыттағы 6 пән бойынша, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 7 пән бойынша) өткізіледі және 3 кезеңнен тұрады.
ШҚО ББ Катонқарағай ауданы бойынша ББ"Үлкен Нарын орта мектебі" КММ-де ауыл мектептерінің оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың салтанатты ашылуы өтті. Катонқарағай ауданының әкімінің орынбасары Р.Б.Ильясов, ШҚО ББ "Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімі" ММ басшысы Г.П. Кошенова, "Үлкен Нарын орта мектебі" КММ директоры Г.Т.Досканина, әдіскер Э.К.Кабдуалиев қатысушыларды олимпиаданың ашылуымен құттықтады. Олимпиада қатысушыларына сәттілік тілейміз.

Орта білім беруді дамыту
20 ноября 2023
АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІНЕ КАТОНҚАРАҒАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША 156 ОҚУШЫ ҚАТЫСАДЫ

АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІНЕ

КАТОНҚАРАҒАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША 156 ОҚУШЫ ҚАТЫСАДЫ

 

20 қарашада Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлының тікелей тапсырмасы бойынша алғаш реет ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың бірінші кезеңі басталады.

Оған аудан мектептерінен 9-11(12)-сынып оқушылары қатысады.

Олимпиаданың мақсаты — ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілеттерін анықтау және оларға қолдау білдіру, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды табу, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануына жағдай жасау.

«Ауыл мектептеріне арналған олимпиада Қазақстанның шалғай елді мекендеріндегі дарынды және таланты балаларды анықтауға және дамытуға бағытталған. Өткізу қағидаларына сәйкес олимпиада 13 пән бойынша (жаратылыстану–математикалық бағыттағы 6 пән бойынша, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 7 пән бойынша) өткізіледі және 3 кезеңнен тұрады. Бастапқы кезеңге қатысу үшін оқушылар аuyl.daryn.kz сайтында тіркеліп, нәтижесінде 85 401 оқушы қатысуға ниет білдірді. Олимпиада «бір компьютер – бір оқушы – бір камера» қағидаты бойынша өткізіледі. Олимпиаданың барлық кезеңдерінде оқушылардың аты-жөні әділ-қазылар үшін жасырын болады. Әр кезеңнен кейін тапсырмалардың сканерленген нұсқасы, қатысушылардың жұмыстары мен дұрыс жауаптар орталықтың сайтында жарияланып отырады» - дейді «Дарын» РҒПО директорының орынбасары Айгүл Каркулова.

 

ІІ іріктеу кезеңін желтоқсан айында облыстық білім басқармалары өткізеді.Тапсырмалар дәстүрлі олимпиадалық тапсырмалар түрінде онлайн-платформада беріледі.

 

Олимпиаданың III кезеңіне ІІ кезеңнің жеңімпаздары (нәтижелерге сәйкес, әр пән мен сынып бойынша екіден артық емес) қатысады: жаратылыстану-математикалық бағыт пәндері бойынша 9-11(12) сынып оқушылары және қоғамдық-гуманитарлық бағыт пәндері бойынша 10-11(12) сынып оқушылары.III республикалық кезеңнің барлық қатысушылары республикалық сырттай мектепке қабылданады. Қорытындысында қатысушылардың жалпы санының 45%-нан құралатын жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Олар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен марапатталады. I дәрежелі диплом иегерлері 2024 жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысады.

Атап өтейік, олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі 20 қараша күні ауданымыздың барлық

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
26 сентября 2023
Назар аударыңыз!

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2023 жылдың 02 қазанынан 20 қазан аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды! Сұрақтар немесе ұсыныстар туындаған жағдайда 8/72341/2-14-50 телефоны бойынша хабарласуыларыңызға болады, электрондық мекен-жайы katon_rayoo@mail.ru.

Тәрбие-алдын алу жұмысы
28 августа 2023
«Сыбайлас жемқорлыққа бірге қарсымыз!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнаманың халықаралық жастар байқауына қатысуға шақырамыз

«Сыбайлас жемқорлыққа бірге қарсымыз!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнаманың халықаралық жастар байқауына қатысуға шақырамыз

 

2023 жылдың мамырында Тәуелсіз мемлекеттер достастығының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің қолдауымен «Сыбайлас жемқорлыққа бірге қарсымыз!» атты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнаманың кезекті жыл сайынғы халықаралық жастар байқауы басталды.

Байқауға қатысуға 14 пен 35 жас аралығындағы жастар шақырылады, олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы өз идеялары мен көзқарастарын, сондай-ақ оның рөлі мен осы бағыттағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсете отыра, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» тақырыбында конкурстық жұмыстар дайындауға шақырылады.

Халықаралық конкурстың ережелері https://www.anticorruption.life/ ресми сайтында қолжетімді, ол арқылы байқаудың екі номинация – «Үздік постер» және «Үздік бейнеролик» бойынша жұмыстар 2023 жылдың 1 қазанына дейін қабылданады.

Еліміздің қатысушыларымен дайындалған конкурстық жұмыстарды іріктеу Агенттікпен құрылатын Ұлттық конкурстық комиссиясымен жүзеге асырылады.

Конкурстың қорытындысын шығару Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне (9 желтоқсан) орай жоспарлануда.

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы