
2024 жылдың 10 сәуір күні сағат 15:00 ШҚО білім басқармасы «Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімі» ММ-нің ғимаратында Зум желісі арқылы Катонқарағай ауданы бойынша білім беру мекемелерінің басшыларымен жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағына сәйкес педагог өз қызметінде тиісті кәсіптік құзыреттерді меңгеруге, өзінің кәсіптік шеберлігін, зерттеу, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруге, оның ішінде біліктілік санаты деңгейін бес жылда бір реттен сиретпей арттыруға (растауға), педагогтік әдепті сақтауға міндетті екенін айтылды.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығымен бектіліген Педагогикалық әдеп қағидаларына сәйкес педагогтер қызметтік және қызметтік емес уақытта Қазақстан Республикасы педагогінің жоғары атағының беделін түсіруге мүмкіндік туғызатын іс-әрекеттерді жасауға жол бермеуі, өзінің шыншыл, адал және әділ мінез-құлқымен үлгі болуы кректігі айтылды.