Меню
Страницы
Статья
Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы.
- Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы.
-
- Жазғы уақытта балаларды сауықтыруды, олардың бос уақытын тиімді пайдалануын тиімді ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің 2020 жылдың 14 қаңтардағы «2020-2023 жылдарға арналған жазғы каникул уақытында балалардың жазғы сауықтыруын, бос уақытын тиімді пайдалану туралы» өкіміне және 2002 жылғы 08 тамыздағы №345 ҚР «Бала құқығы туралы»Заңымен және Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының 2021 жылғы 21 мамырдағы №215 бұйрығымен реттеледі.
- Ағымдағы жылы жазғы демалыста 34 мектеп жанындағы лагерьлерде 2588 бала қамтылады (9,11 сынып оқушыларында мемлекеттік емтихан). Приморск ауылында орналасқан «Арайлы Шығыс» жыл бойғы сауықтыру лагерінде аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылардың 236-ы оқушы демалады деп жоспарлануда. Лагерьде демалу уақыты 10 күн, санитарлық норманы сақтай отырып бір мезгілде 50 баланы қамтиды. 01 маусымнан бастап сауықтыру лагерлері өз жұмысын бастайды. Абаттандыру және көгалдандыру жасақтарында-831, «Жас орманшылар» бригадасында -617, көкөніс өсіру бригадаларында-985, еңбек бригадаларында-351 оқушы қамтылады. 1-10 сыныптардың 2905 оқушысы сынып жетекшілерімен экскурсияға бару жоспарлануда.
- 1 маусым – Балаларды қорғау күніне арналып Үлкен нарын ауылындағы аудандық мәдениет үйінде балаларға арналған арнайы «Балалардың игілігі үшін» атты акция ұйымдастырылып өткізілуде, 4маусым-Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні, 6 шілде – Астана күні, 21 тамыз – Спорт күні кеңінен аталып, тәрбиелік шаралар өткізіледі. Мектеп жанындағы лагерлерде «Балалар еңбегін қанауға қарсы» он екі күндік акциясы аясында спорттық шаралар, асфальтта сурет салу сайысы, дөңгелек үстелдер, көркем әдебиет көрмелері, түрлі топтық флешмоб билері ұйымдастырылады.
- Биылғы маусымда балалардың жазғы сауықтыруын ұйымдастыруда әр түрлі бағыттар қамтылу жоспарлануда:
- -спорттық-сауықтыру (турнирлер, спорттық сайыстар, ойындар)
- -экологиялық-өлкетану (саяхаттар, экскурсиялар)
- -интеллектуалды-танымдық (викториналар, әңгімелесу, лекториялар, мәдени-мерекелік іс-шаралар, танымал адамдармен кездесулер, тренингтер)
- -адамгершілік-эстетикалық (сайыстар, көрмелер, флешмобтар) ұйымдастырылады.
- - Тілдер күні (оқушыларға арналған аптасына бір рет ағылшын тілінен, орыс тілі қазақ мектебінде және қазақ тілі орыс мектебінде тілдер күні) ұйымдастыру жоспарлануда.
- Балалардың жазғы сауықтыруын ұйымдастыруда бірінші кезекте аз қамтылған және жетім санаттағы балаларды 100 % қамту қойылды.
- Аудан бойынша 1-11 сыныптағы 3100 оқушының 316 көпбалалы отбасы, мектепте отырған бала саны 706.
- Атаулы әлеуметтік көмек алатын балалар саны 236 ( АӘК), аз
- қамтылғандар саны 700.
- Балабақшаларда 672 бала,оның ішінде көпбалалы 77, аз қамтылған балалар саны 34, даму мүмкіндігі ерекше балалар саны 20.
- Мектеп жанындағы шағын орталықтарда 343 бала, оның ішінде көпбалалы 78, аз қамтылғандар саны 29, мүмкіндігі ерекше балалар саны 3.
- Ата-ананың қамқорынсыз қалған 11 және 8 жетім, бала бар
- Қосымша білім беру мекемелерінде барлығы 878 бала.
- Балабақшалар мен мектептерде 98 мүмкіндігі шектеулі оқушылар тәрбиеленуде.
- Оқушылардың жазғы демалыстарын қызықты, денсаулықтарын нығайтып, тиімді демалу мен бос уақыттарын мазмұнды ұйымдастыру мақсатында, 2022 жылдың маусым айынан Катонқарағай ауданындағы
- «Жас турист станциясы» КММ-сі оқушыларға «Мұзтау» көп күндік лагерінде 560 оқушыға танымдық жорықтар ұйымдастырады. Олар үш күн ішінде, туристік кедергілерден өту, жасанды жартасқа өрмелеу, көне жазулар Петроглифтерді зерттеумен қатар, «Берел мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының» әкімшілік ғимаратына және Берелдегі «Патшалар жазығына» саяхат жасайды. «Жаз -2022» атты бір күндік жазғы туристік лагеріне 200 оқушыны қамту жоспарланды. Сонымен қатар «Сарымсақты» бағыты бойынша 125 оқушы демалады, «Австриялық жол», «Рахман қайнары» бағыты бойынша бағдарламалар жасалды. (слайд)
- Шығармашылық Үйінің «Жас биолог», «Бейнелеу өнері», «Техникалық модельдеу», «Асық ұлттық ойыны», «Хореография», «Жас турист», «Көркемсөз», «Шахмат», «Қолөнер» үйірмелеріндебарлық қамтылатын оқушылар саны – 1000.
- Катонқарағай ауданының Үлкен Нарын және Катонқарағай ауылында орналасқан «Балалар музыка мектебі» КМҚК ның жоспары бойынша жаз бойы- 165 баланы қамту жоспарлануда.
- Аудан мектептерінде «Ауыл мектебі» жобасын жүзеге асыру мақсатында оқушыларды саяхатқа шығару басталып кетті. Мысалы: «Өрел орта мектебі» КММ-де 2022 жылғы жаз уақытында туризм бағытында «По родному краю» жобасы жұмысын бастады. Жоба мақсаты: туған өлкені тану және зерттеу. Аталған жоба жұмысын 26 мамырда бастап кетті, бастауыш және 5 сынып оқушылары Берел қорғаны және Рахман қайнарына саяхат жасады. Қамтылған бала саны-65. Алдағы жаз мезгілінде қамтылатын оқушылар саны-60.
- «Үлкен Нарын орта мектебі» ММ оқушылары 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) "Samgau Әлеуметтік инновациялар мен кәсіпкерлік үшін жасөспірімдер мен жастардың дағдыларын дамыту" республикалық жастар бағдарламасына қатысып 220 000 қаржының сертификатына ие болды. Бағдарламаның мақсаты болашақта оқу, жұмысқа орналасу және лайықты жұмыс дағдыларын дамытуға бағытталған. «Зеленый подоконник» жобасы жаз уақытында жұмыс істейді.
- «Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі»КММ «Мұрагер» ғылыми жобасы щқушыларды Катонқарағай МТҰП-нің ерекше қорғауға алынған аймақтарына саяхатқа апарып қайтты
- «Оқуға құштар мектеп» жобасының жұмысы жаз уақытында жалғасын табады. Аудан психологтары әдіскер Ж.Кошпанованың басқаруымен мектеп психологтарына "Жазғы демалысты өзің үшін көңілді және пайдалы өткіз" жоба бағдарламасын ұсынды. Жоба барысында өз беттерімен орындайтын спорттық ойындар, «Менің сүйікті ісім», «Отбасында салауатты өмір салтын ұстанамыз» т.с.с. челлендждер және әсері бар фильмдер мен мультфильмдер, мысалы: «Менің атым Қожа», «Алпамыс мектепке барады» «Көктеңіз туралы аңыз» «Бірқазан» т.б. киноларды көру. «Кітаппен бірге өткен жаз» тақырыбында «Ұшқан ұя», «Бес тиын», «Құлыным менің», «Біздің жақта қыс ұзақ», «Қайдасың қасқа құлыным», «Атау кере», «Жасыл әлемге саяхат», «Ерте түскен бозқырау»т.б әдебиеттерді оқу ұсынылады. «Ата-аналарға балалардың жазғы демалысын тиімді өткізуге арналған кеңестер, бала өмірінің қауіпсіздігі туралы жадынамалар тарату жоспарланған.
-
- 31.05.2022 жылы аудандық кәсіподақ ұйымының ұйымдасытруымен аудан мектептерінің бастауыш сыныптарынан 10 оқушы және 2 жетекші мұғаліммен Өскемен қаласына 1 күндік саяхатқа барып қайтты.
-
-
- Бөлім басшысы Г.Кошенова
-
- Орынд.Г.Оралова
Дата публикации
04 апреля 2023
Дата обновления
04 апреля 2023
Сейчас читают
Социальные медиа
Меню подвал