Халықпен тұрақты кездесу

Халықпен тұрақты кездесу

Халықпен тұрақты кездесуімнің бірінші күні Қаскелең қаласында өтіп, аудандық мәдениет үйінде қала халқының өтініштері мен ұсыныстарын тыңдадым. Алдыңғы кезекте тұрғындар тарпынан жол жөндеуге және жарықтандыруға қатысты сұрақтар көтерілді. Биылғы жылы Қаскелең қаласында 7 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілсе, жыл соңына дейін қаланың 17 көшесі жарықтандырылады. Қуантарлық жағдай, халық кездесуде көбінесе жеке басының мәселелерін емес жалпы қаланың мәселелерін көтерді. Кездесу соңында көшелері асфальтелген және жарықтандырылған Құлынды және Көкбастау көшелерінің тұрғындары өз алғыстарын айтты.

Аудан әкімі Естенов.Ж.Т