«Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ жастар жобалары мен бағдарламалары бөлімінің басшысы (D-О-3 санаты, 1 бірлік, №4-01).

Мемлекеттік орган

Қарағанды облысының әкімдігі

Аймақ

Қарағанды облысы

Санат

D-O-3

Орташа лауазымдық айлықақы

327924

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәрежесінің болуы;
  6. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
  • Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
  • Тілдер және әдебиет
  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Журналистика және ақпарат
  • Бизнес және басқару
  • Құқық

Функционалды міндеттер

Қарағанды облысының аумағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының мақсаттары мен міндеттерін іске асыруын қамтамасыз етуіне бақылау. Қазақстан Республикасының жастарын қолдау жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының, «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы іс-шараларының іске асыруын қамтамасыз ету. Қарағанды облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарын іске асыруға қатысуын ұйымдастыру. Үкіметтік емес жастар ұйымдарымен, волонтерлермен, этномәдени бірлестіктермен жұмыс, отбасылық-демографиялық және гендерлік саясат, жастардың патриоттық және адамгершілік мәдениеті, жастар кәсіпкерлігін іске асыру, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарын ұйымдастыру, жастар бастамалары мен жастар қоғамдастықтарын қолдау мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді. «Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы» КММ, сондай-ақ Қарағанды облысының жастар ресурстық орталықтарының қызметін жалпы үйлестіру. Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру іс-шараларының жоспарларын, әдістемелік құралдарды әзірлеуге қатысу. Жастар саясатын іске асыру, азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықты дамыту мәселелерінде жастар қоғамдық бірлестіктеріне, ҮЕҰ-ға әдістемелік көмек көрсетуін қамтамасыз ету. Өңірде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру барысына бақылауды жүзеге асыру. Республикалық және өңірлік үкіметтік емес ұйымдармен жастардың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмірге қатысуын жандандыру, жастар бастамаларын қолдау жөніндегі ынтымақтастықты ұйымдастыру. Азаматтық қоғам институттарымен жұмысты жетілдіру бойынша бақылау және әдістемелік қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін жастар саясаты мәселелері бойынша, ҮЕҰ жұмысы бойынша семинарлар ұйымдастыру. Мемлекеттік идеология, азаматтық-патриоттық тәрбие, өскелең ұрпақ арасында ел жетістіктері мен мемлекеттік рәміздерді насихаттау саласында практикалық шаралар көрсету бойынша мәселелерін үйлестіру. Жастар бастамаларын және жастар қоғамдастықтарын қолдауды ұйымдастыру. Жұмыспен қамту басқармасымен, этномәдени бірлестіктермен және саяси партиялармен бірлесіп жұмысты ұйымдастыру. Конфессияаралық келісім мен этносаралық толеранттылықты нығайту бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысуын бақылау. Жобалық менеджментті іске асыру шеңберінде қызметті жүзеге асыружы бақылау. Студенттік құрылыс жасақтарының, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының қызметін ұйымдастыруды бақылау. Шетелде оқитын шетелдік жастар ұйымдарымен, жастармен өзара іс-қимыл жасауды бақылау. Жастар арасында гендерлік және отбасылық-демографиялық саясат мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыруды бақылау. Жастар саясаты саласындағы бағдарламаларды орындауға бағытталған жобалар мен іс-шараларды бірлесіп іске асыру үшін жергілікті атқарушы билік органдарымен, халықаралық, қоғамдық ұйымдармен, қауымдастықтармен және бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасауды бақылау. Заманауи әлеуметтік технологияларды пайдаланатын жастармен жұмыстың инновациялық, эксперименттік жобалар конкурстарының өткізілуін бақылау. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне, министрліктер мен ведомстволарға, облыс әкімінің аппаратына облыстағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша бөлімнің ай сайынғы, тоқсан сайынғы аналитикалық және ақпараттық материалдарының, есептерінің дайындауына бақылау. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылатын жобалар шегінде бюджеттік өтінімдерді жоспарлауды және жасауды ұйымдастыру. Мемлекеттік сатып алу арқылы мемлекеттік жастар саясаты шеңберінде өткізілетін іс-шаралардың сметаларын, техникалық ерекшеліктерін жасауын қамтамасыз ету. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен қарастырылған жастар саясатының іс-шараларын іске асыруын, мемлекеттік сатып алу қызметтерін өткізуін қамтамасыз ету. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әзірленетін бюджеттік өтінімді дайындау барысында жасалатын лоттардағы қызмет пен жұмыстардың бағаларына бақылауын қамтамасыз ету. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде өткізілетін іс-шаралардың бюджеттік өтінімін дайындау кезінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бағаларын айқындау үшін коммерциялық ұсыныстарды міндетті сұраудың жүйелі орындалуын қамтамасыз ету. Бөлім қызметіне жалпы басшылық жасау және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуын бақылау. Бөлім жұмысының перспективалық және ағымдағы жоспарларын құру, қызметкерлер арасында міндеттерді бөлу, бөлім істерінің жиынтық номенклатурасын құру. Жоғары тұрған ұйымдардың (Президент Әкімшілігі, Премьер-Министр Кеңсесіне, министрлік және ведомство кеңсесі), облыс әкімінің және оның орынбасарларының тапсырмаларының орындалуына бақылауды жүзеге асыру. Бөлімдегі іс жүргізудің жай-күйіне бақылауды жүзеге асыру.Басқарма сайтымен жұмысын ұйымдастыру (басқарманың ресми интернет ресурсы үшін міндетті бөлімдер тізбесіне сәйкес), ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігін бағалау Әдістемесінің талаптарына сәйкес материалдарды интернет ресурста орналастыруын қамтамасыз ету. ГАЖ-да жұмыс істеу («logbook электрондық құжат айналымы жүйесі» ААЖ, «Әкімдік қызметін жоспарлау және басқару» ААЖ, «Облыс Әкімінің талдамалы жүйесі» ААЖ, «LogBook ЭҚЖ үшін электрондық құжаттар мұрағаты» модулі, Мемлекеттік с атып алу порталы).  Жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария жөніндегі талаптарды сақтауын қамтамасыз ету. Еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз ету. Жұмыс кезеңінде өзіне белгілі болған ақпараттың құпиялылығын сақтау, сондай-ақ Еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне белгілі болған мемлекеттік құпияларды, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеу. Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімдігінің қаулыларын, әкімнің, оның орынбасарларының өкімдерін, басқарма басшысының бұйрықтарын орындау. ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқарма басшысының тапсырмасы бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің Әдеп кодексін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, Басқарманың жұмыс Регламентін сақтау және Бөлім қызметкерлерімен сақтауын бақылау. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. (блок А)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 10.11.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.11.2022 – 15.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБайт

Сұхбаттасу орны

Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13

Анықтама алу үшін байланыс

8(7212) 501525 (6818)