«Қарағанды облысының Жезқазған қаласының білім бөлімі » ММ бас маманы (E-R-4 санаты, 1 бірлік, № 6-1-3, блок А).
Қарағанды облысының әкімдігі
Қарағанды облысы
243700
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Педагогика және психология
- Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
- Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау
- Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
- Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
- Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
- Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
- Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
- Арнайы педагогика мамандарын даярлау
- Тілдер және әдебиет
- Құқық
Қосымша талаптар
Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «білім» мамандықтары бойынша (мектепке дейінгі мекемелерге тәрбиешілерді даярлау, пәндік мамандырылған мұғалімдерді даярлау) немесе «бизнес, басқару және құқық» мамандықтары бойынша (құқық) мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі.
Функционалды міндеттер
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау, есепке алу және орналастыру. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы жеке істерді өңірлік деректер банкіне беру. Қорғаншыны (қамқоршыны), патронат тәрбиешіні тағайындау, босату немесе шеттету үшін қаулы жобаларын дайындау, олардың мүліктік, жеке және мүліктік емес құқықтарды қамтамасыз ету және қорғау жөніндегі қызметін бақылау, қамқорлыққа алынушылардың медициналық қадағалауын және жұмысқа орналасуын, демалысын ұйымдастыруға көмек көрсету. Қамқорлыққа алынушыны күтіп-бағуға, асырап алушыларға ақшалай қаражат тағайындау. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы интернат мекемелеріне орналастыру. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелер тәрбиеленушілерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелер түлектерінің, сондай-ақ олардың қатарындағы, орта және жоғары кәсіптік мекемелер түлектерінің жұмысқа орналасу және басқа да мәселелер бойынша өмір сүру, тәрбиелену, күтіп-бағу, оқу жағдайларын және мүліктік және мүліктік емес құқықтарын қорғауды бақылау. Тұрғын үймен қамтамасыз етуге мұқтаж, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы 18 жастан 23 жасқа дейінгі адамдарды есепке алу. Асырап алушыларға, қорғаншыларға (қамқоршыларға), патронат тәрбиешілерге кандидаттарды есепке алу. Бала асырап алудың баланың мүдделеріне сәйкестігі немесе бала асырап алудың күшін жою туралы қорытындылар беру. Баланы қонақтайтын отбасына беру туралы шарт жасасу. Қамқоршылық кеңесін ұйымдастыру және өткізу. Мемлекеттік қызмет көрсету. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша статистикалық есептерді толтыру. Кәмелетке толмаған балалары бар қолайсыз отбасыларды есепке алу және олардың құқықтарын қорғау бойынша уақтылы шаралар қабылдау мақсатында балалардың өмір сүру жағдайларын бақылау. Девиантты мінез-құлықты кәмелетке толмағандарды анықтау, оқу орындарына бармайтын кәмелетке толмағандарды есепке алу жөніндегі қызметті үйлестіру. Кәмелетке толмағандарды этаппен жіберуге рұқсат беру. Қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды оңалту және әлеуметтік бейімдеу, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының профилактикасы, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың, қайыр сұраудың, балалар еңбегінің ең нашар түрлерінің профилактикасы жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру. Құқық бұзушылықтар мен қылмыстар бойынша ОДН ІІБ есебінде тұрған мектеп оқушыларының, сондай-ақ мектепішілік есепте тұрған балалардың деректер банкін жинау және өңдеу. Қылмыстық істер бойынша, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға мүліктік және жеке мәселелер бойынша сот ісін жүргізуге қатысу, ата-ана құқықтарынан айыру (шектеу, қалпына келтіру) жөніндегі материалдарды дайындау. Кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекетке қабілетті (эмансипацияланған) деп жариялау туралы шешім, 16 жасқа толған адамдарға некеге тұруға рұқсат немесе бас тарту беру. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша статистикалық есептерді толтыру. Ата-ана құқықтарын іске асыру және кәмелетке толмаған балалардың тұрғылықты жерін айқындау бөлігінде сот тапсырмалары бойынша материалдар, қорытындылар дайындау. Педагогтер, ата-аналар және оқушылар арасында құқықтық жалпы оқыту бойынша білім беру ұйымдарындағы жұмысты үйлестіру және ұйымдастыру. Блок А.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13,
-
8(7212) 501525 (6816)