Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары, санаты E-1 , 1 бірлік, 1-2

Мемлекеттік орган

Қарағанды облысының әкімдігі

Аймақ

Қарағанды облысы

Санат

E-1 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

593751

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Инженерия және инженерлік іс
  • Өндірістік және өңдеу салалары
  • Сәулет және құрылыс

Функционалды міндеттер

Жетекшілік ететін коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, тұрғын үй қатынастары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік активтер мен сатып алу, экономика және қаржы бөлімдеріне жүктелген міндеттерді іске асыруға және орындауға жауапты
болып табылады. "Қазақтелеком" АҚ филиалының мәселелерге қатыстылығы бойынша қызметін үйлестіреді және жолдайды; "Қазақавтодор" ЖШС КОФ (№45 ДЭУ) мәселелерге қатыстылығы бойынша; "Қарағанды жолдары" ЖШС филиалының (№1 ДЭУ) мәселелерге қатыстылығы бойынша; ТЖ бөлімінің мәселелерге қатыстылығы бойынша; Бұқар жырау АЭЖ, Тельман АЭЖ филиалы; № 33, 34 өрт сөндіру бөлімдері мәселелердің тиесілігі бойынша, Мемлекеттік кірістер басқармасы мәселелердің тиесілігі бойынша; Бұқар жырау аудандық қазынашылық басқармасы мәселелердің тиесілігі бойынша; статистика басқармасы мәселелердің тиесілігі бойынша. Аудан тұрғындарын электр энергиясымен, көше жарығымен, жылумен, сумен жабдықтаумен, кәрізбен, коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; объектілерді жылыту маусымына дайындау және жылыту маусымының апатсыз өтуін қамтамасыз етеді және ұйымдастырады. Аудандық, кентішілік жолдарды жол жөндеу, пайдалану, салу бойынша жұмыстарды бақылауды қамтамасыз етеді және  ұйымдастырады. "Мекенжай тіркелімі" ААЖ деректер базасының өзектілігін бақылауды жүзеге асырады; өнеркәсіп, көлік, байланыс, энергетика кәсіпорындарының қызметін, аудандық телекоммуникация торабының, коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарының, өрт қадағалау қызметінің жұмысын үйлестіреді; елді мекендерді абаттандыру және санитарлық тазарту мәселелерімен айналысады, тұрғын үй қорын, әлеуметтік-мәдени тұрмыстық объектілерді, қоғамдық көлік қозғалысын салу мен жөндеуді ұйымдастырады, байланыс кәсіпорындарымен Халыққа қызмет көрсету сапасын бақылауды жүзеге асырады, жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі ведомствоаралық комиссияға басшылық етеді; дүлей зілзалалар, экологиялық апаттар, эпидемиялар, өрттердің эпизоотиялары жағдайында адамдардың өмірін құтқару, оларды және құқықтық тәртіпті қорғау жөнінде заңда көзделген ерекше шаралар қабылдайды, өртке қарсы іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады, өз құзыреті шегінде экология мәселелерін шешеді; азаматтық қорғау және АҚ құралымдарын дайындаумен, жұмылдыру даярлығымен айналысады, табиғи және техногендік ТЖ жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады ТКШ саласындағы бағдарламалардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік сатып алу саласындағы рәсімдердің барысын бақылауды жүзеге асырады; ауданның коммуналдық меншік объектілерін басқару, тиімді және ұтымды пайдалану мәселелері бойынша жұмысты жүзеге асырады және оны қорғау жөнінде шаралар қабылдайды. Аудан экономикасын реформалау бағдарламаларын және ауданның әлеуметтікэкономикалық дамуының индикативтік жоспарларын әзірлеуге басшылық жасайды, бюджет саясатын және салық салу жүйесін қалыптастыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді; бюджет қаражатын 100% нысаналы пайдалануды және игеруді қамтамасыз етеді. Азаматтарды қабылдау жүргізеді.

А блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 29.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

30.06.2026 – 02.07.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Қарағанды қаласы, Алиханов көшесі, 13

Анықтама алу үшін байланыс

87212-501531-6813

87212-421149