"Қарағанды облысының туризм басқармасы" ММ туризм және сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің басшысы, санаты D-O-3, 1 бірлік, № 2-1

Мемлекеттік орган

Қарағанды облысының әкімдігі

Аймақ

Қарағанды облысы

Санат

D-O-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

380391

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Қызмет көрсету саласы
  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Туризм
  • Бағалау
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Функционалды міндеттер

Бөлімнің жалпы басшылығын жүзеге асырады, оның стратегиялық бағыттарын, міндеттерін, қызмет түрлері мен әдістерін айқындайды; Туризм және сыртқы экономикалық қызмет саласындағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың іске асырылуына бақылау жүргізеді; Туризм және сыртқы экономикалық қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдары, департаменттері, комитеттері, министрліктері мен ведомстволары, шет елдердегі Қазақстан Республикасының елшіліктері мен өкілдіктері, қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен өзара іс-қимыл процесін бақылауды жүзеге асырады; Туризм және сыртқы экономикалық қызмет мәселелері бойынша талдау жұмыстарын жүргізуді, материалдарды жүйелеуді бақылауды жүзеге асырады; Туристік қызмет субъектілеріне әдістемелік бақылау мен консультациялық қолдау көрсетуді жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес туристік әлеует, нысандар мен туристік қызметке қатысушылар туралы мәліметтерді қоса алғанда, туристік ақпараттың ұсынылуын бақылауды қамтамасыз етеді; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес туроператорлық қызметті лицензиялау процесін бақылауды жүзеге асырады; Қарағанды облысының аумағында туристік көрмелерге, форумдарға, семинарларға, таныстырылымдарға, байқауларға, ақпараттық турларға және басқа да іс-шараларға қатысуды ұйымдастыру мен дайындауды, сондай-ақ республикада және шетелде өткізілетін халықаралық және республикалық туристік іс-шараларға қатысуды ұйымдастыруды бақылауды жүзеге асырады; Шетелдік және отандық делегацияларды ресми қабылдауды, кездесулерді ұйымдастыру мен дайындауды бақылауды жүзеге асырады; Облыс және Басқарма басшылығының баяндамалары мен сөйлеген сөздеріне ақпараттық және талдамалық материалдардың уақтылы дайындалуын қамтамасыз етеді; Облыс әкімі мен оның орынбасарларының тапсырмаларының, Басқарма басшылығының бұйрықтары мен өкімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады; Туризм мәселелері бойынша облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, әкімдік қаулыларының, бұйрықтар мен қызметтік жазбалардың жобаларын дайындауды бақылауды жүзеге асырады; Келіп түскен хат-хабарларды бөлім қызметкерлері арасында бөледі және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады; Бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарды сақтауын және қойылған міндеттерді орындауын бақылауды жүзеге асырады; Өз құзыреті шегінде облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, қызметтік және талдамалық жазбалардың, Басқарма басшысының бұйрықтарының жобаларын дайындайды; Қадағаланатын бағыттар бойынша бөлімнің жұмыс жоспарының іске асырылуын бақылауды қамтамасыз етеді; Басқарманың қызмет саласына қатысты нормативтік құқықтық актілер мен әдістемелік материалдарды зерделеуді бақылауды жүзеге асырады; Қадағаланатын бағыттар бойынша инвестициялық жобалардың іске асырылуын мониторингтеуді жүзеге асырады; Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы әрі сапалы қарауды бақылауды жүзеге асырады; Қарағанды облысы бойынша туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін мониторингтеуді жүзеге асырады; Облыс әкімі мен жетекшілік ететін орынбасарының тапсырмаларының орындалуы бойынша ақпарат дайындауды қамтамасыз етеді; Мемлекеттік бағдарламалар аясында жұмыс орындарын құруға бағытталған іс-шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады; Форумдарды, семинарларды, таныстырылымдарды, конференцияларды, байқауларды, ақпараттық туристік турларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады; Қазақстан Республикасының 2023–2029 жылдарға арналған туристік саланы дамыту тұжырымдамасының іске асырылуын қамтамасыз етеді; Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарының бір бөлігін өтеуге өтінімдерді қарау жөніндегі комиссия жұмысының ұйымдастырылуын бақылауды жүзеге асырады; Мемлекеттік орган қызметінде жобалық басқарудың іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады; Қадағаланатын салалар бойынша мониторинг, талдау және болжау көрсеткіштерін бақылауды жүзеге асырады; «Visit Qaraganda» туристік ақпараттық орталығының жұмысын үйлестіруді бақылауды жүзеге асырады; Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізуді бақылауды жүзеге асырады; Мемлекеттік органның әкімшілік және құжаттамалық қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді және олардың жұмысына бақылау жүргізеді; Қадағаланатын салада цифрлық технологияларды дамыту бойынша ісшаралардың іске асырылуына бақылау жүргізеді; Ашық деректер интернет-порталында Қарағанды облысы бойынша жинақталған ашық деректерді орналастыруға және өз құзыреті шегінде өзектендірілуін қамтамасыз етуге бақылау жүргізеді; Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарын әзірлеуге және іске асыруға қатысады; ЭҚАБЖ, ЕПИРГО, «e-kyzmet», «e-otinish» ақпараттық бағдарламалық жүйелерінде жұмысты уақтылы орындайды; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындайды.

А блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 25.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.06.2026 – 30.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Қарағанды қаласы, Алиханов көшесі, 13

Анықтама алу үшін байланыс

87212-501531-6813

87212-421149