Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары, санаты E-1, 1 бірлік, № 02
Қарағанды облысының әкімдігі
Қарағанды облысы
688751
Жалпы біліктілік талаптары
Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Тілдер және әдебиет
- Философия
- Мәдениеттану
- Филология
- Дінтану
- Құқықтану
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- Журналистика
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қоғамдық байланыс
- Әлеуметтік жұмыс
- Мәдени-тынығу жұмысы
- Қаржы
- Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
- Мемлекеттік басқару
Функционалды міндеттер
Ішкі саясат, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету. Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік егемендікті нығайту, қоғамдық процестерді демократияландыру және қоғамды шоғырландыру жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру мәселелеріне жетекшілік ету. Ұлтаралық қатынастар, ақпараттық саясат саласындағы жұмысты үйлестіру, мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру. Қала әкімдігінің қоғамдық бірлестіктермен, коммерциялық емес ұйымдармен, этномәдени бірлестіктермен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету. Мектепке дейінгі, жалпы орта білім беру, мектептен тыс тәрбие, денсаулық сақтау, мұрағат ісі, мәдениет және өнер, жастар саясаты,
дене тәрбиесі және спорт салаларындағы мемлекеттік және мемлекеттік емес секторлардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру. Мектепке дейінгі ұйымдардың, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне бақылауды жүзеге асыру. Кәмелетке толмағандардың істері және
құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға басшылық ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс жүргізу. Халықты әлеуметтік қорғау, мүгедектерді оңалту, көші- қон саясаты, зейнетақымен қамсыздандыру, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру мәселелерін шешу. Жәрдемақылар мен басқа да төлемдердің барлық түрлерінің уақтылы және толық төленуін қамтамасыз етуді бақылау. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік, еңбек жанжалдары, әлеуметтік әріптестік мәселелеріне жетекшілік ету. Қаланың мемлекеттік мәдениетұйымдарының
театр, музыка өнері және кино өнері, кітапхана және мұражай ісі, мәденидемалыс қызметі саласындағы қызметін үйлестіру. Мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты бақылау. Қаланың ойын-сауық мәдени- бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдар мен конкурстар өткізу мәселелерін үйлестіру. Қалалық мәдениет ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қолдау көрсету және жәрдемдесу. Қалалық дене тәрбиесі-спорт ұйымдарының қызметін
үйлестіру. Қалада бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз ету, тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарында жеке тұлғалардың спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым құру жөнінде шаралар қабылдау. Қалада мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды қамтамасыз ету. Өзекті мәселелерді анықтау және шешу, қалада мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру үшін жастардың қажеттіліктеріне мониторинг және бағалау жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, жастар арасында қазақстандық
патриотизмді, конфессияаралық келісімді және этносаралық толеранттылықты нығайту жөнінде шаралар қабылдау. Жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саясатын іске асыруды қамтамасыз ету, еңбек нарығының мониторингін және жас мамандарды жұмысқа орналастыру практикасын ұйымдастыру. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау, ономастика, көші-қон және демографиялық саясат, халық құқықтарын қорғау мәселелеріне жетекшілік ету. Жалпыға бірдей
әскери міндет және әскери қызмет мәселелері бойынша заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету. Терроризмге қарсы комиссияның жұмысын үйлестіру және қамтамасыз ету. Терроризмге қарсы комиссияның жұмысы жөніндегі іс- шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз ету. Құқық
бұзушылықтың алдын алу бағдарламасын іске асыру мәселелеріне жетекшілік ету. Эвакуациялық комиссияға, әлеуметтік әріптестік жөніндегі қалалық үшжақты комиссияға басшылықты жүзеге асыру. Қаланы безендіруге байланысты жұмыстар кешенін ұйымдастыру және басқару.
«Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс - қимыл жөніндегі 2018 - 2022 жылдарға арналған» «Қазақстан Республикасының Білім және ғылымды дамытудың 2020-2023 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламаның іске асырылуын, жетекшілік ететін салаларда бюджет қаражатының тиімді және уақтылы игерілуін бақылау. Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын жетекшілік ететін мемлекеттік органдарда мемлекеттік
қызметтер көрсету сапасына, талап-арыз жұмысын жүргізуге, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарауға бақылау жүргізу. Бюджеттің атқарылуын, мемлекеттік сатып алуды бақылайды, жетекшілік ететін салалар бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық
дамуының индикативті жоспарларын әзірлеу мен іске асыруды әдістемелік және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Қаржылық есептерді зерделеуді, тәуекелдерді талдауды және жетекшілік ететін салалардағы жобалардың экономикалық орындылығын бағалауды қамтитын қаржылық-экономикалық ақпаратты талдайды. Жетекшілік ететін қызмет бағыттары шеңберінде бюджеттік өтінімдерді қалыптастыруды үйлестіреді
және келіседі.
А блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
laura@akimat09.kz
- Қарағанды қаласы, Алиханов көшесі, 13
-
87212-501531-6813
87212-421149