«Қарағанды облысы әкімінің аппараты» ММ облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары (D-2 санаты, 1 бірлік, №01-01).

Мемлекеттік орган

Қарағанды облысының әкімдігі

Аймақ

Қарағанды облысы

Санат

D-2 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

593752

Жалпы біліктілік талаптары

   D-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, В-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

 

 

 

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
  • Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Құқық
  • Инженерия және инженерлік іс
  • Сәулет және құрылыс
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару

Функционалды міндеттер

Жоғары тұрған органдар актілерінің, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі шешімдерінің, өкімдерінің және тапсырмаларының орындалу барысына бақылау жасайды.   Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс, сыртқы-экономикалық байланыстар және хаттама, Мемлекет басшысының, ҚР Премьер-Министрінің  келу сапарларын және облыс әкімінің қатысуымен өтетін шараларды  дайындау жұмысын үйлестіруге қатысты жұмыстар жиынтығын жүзеге асырады. Облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері: ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің; экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешені, тіршілікті қамтамасыз ету, өнеркәсіп және ТЖ бөлімінің; әлеуметтік сала және қоғамдық даму бөлімінің дене шынықтыру және спорт, тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жұмысын үйлестіреді. Құзыреті шеңберінде экономикалық даму, кәсіпкерлік, құрылыс, автомобиль жолдары және көлік, агроөнеркәсіптік кешен, энергетиканы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, коммуналдық салада баға және тарифтік саясатты қалыптастыру, облыстың елді мекендерін қысқы жағдайларда жұмысқа дайындау, өнеркәсіп, индустриялық-инновациялық даму және ТЖ мәселелері бойынша мемлекеттік бағдарламаларды орындау көрсеткіштерін (индикаторларын) орындау бойынша ұсыныстар енгізеді. Жергілікті атқарушы органдардың, ведомстволардың ҚР Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімінің актілерінің орындалуын тексеруді жүргізуге қатысады, анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар енгізеді, қажет болған жағдайда осы мәселелерге жауапты лауазымды тұлғалардан ауызша және жазбаша түсіндірулер алады. (блок А)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 06.04.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.04.2026 – 09.04.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13

Анықтама алу үшін байланыс

8(7212) 501531 (6811)