Қарағанды облысы білім басқармасының «Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ сектор меңгерушісі, №3-1-1

Мемлекеттік орган

Қарағанды облысының әкімдігі

Аймақ

Қарағанды облысы

Санат

D-R-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

   D-R-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
  • Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
  • Бастапқы әскери дайындық
  • Дефектология
  • Музыкалық білім
  • Бейнелеу өнері және сызу
  • Дене шынықтыру және спорт
  • Математика
  • Физика
  • Информатика
  • Тарих
  • Құқық және экономика негіздері
  • География
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Кәсіптік оқыту
  • Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
  • Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
  • Құқықтану
  • Білім: биология
  • Химия-Биология
  • Математика-Физика
  • Математика-Информатика
  • Физика және информатика
  • География - Тарих
  • Тарих-Дінтану

Функционалды міндеттер

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша сектор жұмысын үйлестіреді. Ата-аналары қайтыс болған, ата-ана құқықтарынан айырылған, ата-аналық құқықтарынан шектелген, ата-аналары әрекетке қабілетсіз деп танылған, ата-аналары ауырған, немесе ұзақ уақыт болмаған, ата-аналары балаларды тәрбиелеуден немесе олардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтарған жағдайларда, оның ішінде ата-аналары өз балаларын тәрбиелеу, емдеу және басқа да осыған ұқсас мекемелерден алудан бас тартқан кезде балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асырады. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе отбасында тұратын және оның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайдағы баланы уақтылы анықтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Ата-аналарды құқықтарынан айыру, шектеу және қалпына келтіру, баланы тартып алу, бала асырап алу, тұрғын үй-жайына қатысты, бөлек тұратын ата-аналардың дауларын шешу жөніндегі істерге қатысты сот процестеріне қатысады. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншылық және қамқоршылық белгілейді. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуға қамқоршыларға жәрдемақы тағайындау бойынша жұмыс жүргізеді. Мемлекеттік, орыс тілдерін қолдану талаптарына сәйкес бұйрық жобаларын дайындайды. Қорғаншылар мен қамқоршылардың міндеттеріне, қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы кәмелетке толмағандардың мүлкінің сақталуына және мүлкін басқаруға бақылау жасайды. Қорғаншылық  кеңесін ұйымдастырады және өткізеді. Жетім және ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бойынша статистикалық есептер тапсырады. Бөлімнің, білім беру мекемелерінің мемлекеттік қызмет көрсетуі бойынша жұмысын, статистикалық есептерді тапсыру және білім беру ұйымдарының қызметіне бақылау жүргізуді ұйымдастырады. Кәмелетке толмағандардың алыс, жақын шетелге, ТМД елдеріне тұрғылықты мекенжай ауыстыруы мәселесі бойынша пікірін ресімдейді. Мемлекеттік қызметке байланысты жұмысты жүргізеді. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыздықтың және қылмыстың алдын алу бойынша жұмысты жүргізеді. Ресми-іскерлік тіл стилін, талдау жұмысын, ақпараттық материалдарды жүйелеуді және дайындауды, кеңес беруді, лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да дағдыларды талап ететін құжаттармен жұмыс жүргізеді. Жетекшілік ететін білім беру мекемелеріне бақылауды жүзеге асырады. Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауды жүргізеді. А блок.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 22.01.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.01.2026 – 27.01.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБайт

Сұхбаттасу орны

Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13

Анықтама алу үшін байланыс

8(7212) 501525 (6852)