Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары, №01-1
Қарағанды облысының әкімдігі
Қарағанды облысы
512004
Жалпы біліктілік талаптары
Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Бизнес және басқару
- Құқық
- Инженерия және инженерлік іс
- Өндірістік және өңдеу салалары
- Сәулет және құрылыс
- Көлік қызметтері
- Қоғамдық қауіпсіздік
Функционалды міндеттер
Ауданның бюджетінің құрылуына, жұмсалуына жетекшілік етеді және мемлекеттік сатып алу, кредиторлық қарызды жою, бюджеттік қаражатты игеру жұмыстарын үйлестіріп шешеді. Қарқаралы ауданының экономика және қаржы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, тұрғын үй инспекциясы, мемлекеттік активтері және сатып алу, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдері, аудандық кірістер, қазынашылық басқармалары, полиция және төтенше жағдайлары бөлімдері, жолаушы және жүк тасымалдау, теміржол қатынасы, жол жөндеу, жоғарғы кернеулі жүйе, телекоммуникациялар торабы, коммуналдық шаруашылық, экологияны қорғау мекемелерінің жұмыстарын өз құзырлығына сәйкес үйлестіру, ұйымдастыру және бақылау.Аудан бойынша автомобиль жолдарына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының жүргізілуін, ауданішілік қоғамдық жолаушылар тасымалын, қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады. Экономика реформасы, әлеуметтік-экономикалық индикативтік даму бағдарламаларының ұйымдастыру – методикалық жұмыстарын қадағалайды. Аудандық қаржы саласындағы мекемелердің (экономика және қаржы бөлімі, мемлекеттік активтер бөлімі ) жұмысын ұйымдастырады. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жағдайы туындағанда халық пен аймақты қорғауға, мекемелердің тұрақты түрде жұмыс істеуіне бағытталған бағдарлама мен жоспар жасау және іске асырылуын қадағалайды. Азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың, төтенше жағдайлардың алдын алуды ұйымдастыру және жою бойынша іс-шараларды жүзеге асырады. Табиғи монополияны реттеу және нарық бәсекелестігін дамыту, мемлекеттік мүліктің тиімді басқарылуы, мекемелердің экономикалық сауықтырылуы,банкроттық, регистрден шығару жұмыстарын үйлестіреді. Ауданның елді мекендерінің сәулеттік келбетін бақылайды және келісуді жүзеге асырады, барлық меншік түріндегі нысандарда құрылыс жұмыстарының жүру барысында заңдылықтың сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Жетешілік жасайтын салаларда инфляцияға қарсы шаралар қабылдайды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралардың кешенді жоспарымен» белгіленген іс-шаралардың тиісті деңгейде орындалуына жауапты. Азаматтардың жеке қабылдауын жүргізеді. Жетекшілік ететін бөлімдердің қызметінде заңдылықты сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады. Нормативтік - құқықтық актілердің әзірленуін, қолданылуын, жариялануын, мемлекеттік тіркеуге жіберілуін бақылауды жүзеге асырады. "Таза Қазақстан" экологиялық мәдениетін дамытудың 2024- 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру бойынша Мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын және қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді.Блок А.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
momysheva_ds@akimat09.kz
- г.Караганда, ул. Алиханова 13
-
50-15-25 (6867)