«Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының орынбасары, № 01-01

Мемлекеттік орган

Қарағанды облысының әкімдігі

Аймақ

Қарағанды облысы

Санат

D-O-2 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

441254

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-3, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Денсаулық сақтау

Функционалды міндеттер

Өз лауазымдық міндеттерін уақтылы және сапалы орындау. Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімдігінің қаулыларын, әкімнің, оның орынбасарлары мен аппарат басшысының
өкімдерін, Денсаулық сақтау министрлігі мен облыс денсаулық сақтау
басқармасы бұйрықтарының орындалуын басшылыққа алу және бақылау. Өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары
мен регламенттерінің сақталуын қамтамасыз ету. Бекітілген материалдық-техникалық ресурстарды ұтымды және мақсатты пайдалануды қамтамасыз ету. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалардың орындалуын басшылыққа алу және бақылау. Халыққа медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруды одан әрі
жақсарту жөніндегі кешенді жоспарлар мен нысаналы бағдарламалардың, ісшаралардың әзірленуі мен орындалуына басшылық жасау және бақылау
жүргізу.Басқарма бөлімдерінің квазимемлекеттік сектор субъектілерімен өзара
іс-қимылын басшылыққа алу және үйлестіру. Облыстың мемлекеттік медициналық ұйымдарында көшпелі консультациялық - профилактикалық және емдеу жұмыстарын
ұйымдастыруды үйлестіру және басшылыққа алу.Халыққа тегін медициналық көмектің және міндетті медициналық сақтандырудың кепілдік берілген көлемін көрсетудің сапасын,
қолжетімділігін және толықтығын үйлестіру және бақылау жүргізу.Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету және халыққа міндетті медициналық сақтандыру бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөніндегі жұмысты үйлестіру және басшылыққа
алу. Дәрілік заттарға қажеттілікті жоспарлау мен өтінімдерді дайындауды
үйлестіру және бақылау.Облыс халқын медициналық - профилактикалық қамтамасыз ету
мәселелері бойынша ведомстволар мен қызметтер, қоғамдық және
халықаралық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды үйлестіру. Мемлекеттік даму бағдарламасын тиімді іске асыру шеңберінде облыстың денсаулық сақтау саласының дамуы мен жұмыс істеуінің негізгі көрсеткіштеріне сараптама ұйымдастыру және жүргізу:
- Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік
бағдарламасын бекіту туралы;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің стратегиялық
жоспарлары және т. б; Практикалық денсаулық сақтау саласына жаңа медициналық
технологиялар мен дәрілік заттарды енгізуді үйлестіру және басшылыққа
алу. Денсаулық сақтау саласындағы республикалық және халықаралық
ғылыми - практикалық конференцияларға, семинарларға практикалық
денсаулық сақтау мамандарын қатысуға және жіберуге.Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарауды үйлестіру және бақылау. Медициналық көмекті ұйымдастыру және сапасы мәселелері бойыншабұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру.ТЖ жағдайында зардап шеккен халыққа медициналық көмек көрсету
жөніндегі іс-шараларды бақылау және ұйымдастыру, медициналық
ұйымдардың базасында бейіндер бойынша тұрақты дайындықтағы арнайы
медициналық бригадаларды қалыптастыру және олардың жаппай қырыпжою аймақтарында жұмыс істеу үшін шұғыл шығуға тұрақты дайындығы.Құпия іс жүргізудің жай-күйін, ТЖ жағдайында медициналық ұйымдардың тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің дайындығын, МОБ резервінің мүлкін уақтылы салу, сақтау және жаңарту жөніндегі
Басқарманың арнайы медициналық жабдықтау қоймаларының жұмысын,
басқарманың кешенді жоспарлары мен нысаналы бағдарламаларын әзірлеу
мен орындауды басшылыққа алуға және бақылауға. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Қарағанды облысының әкімі
арасындағы 2020-2025 жылдарға арналған халық денсаулығының жай-күйін
жақсарту жөніндегі меморандумның орындалуын бақылау; Қарағанды
облысын дамыту бағдарламасы; түрлі аурулар кезінде медициналық көмек
көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу жөніндегі Жол карталары;
Қарағанды облысының Денсаулық сақтау саласын ақпараттандыру және т. б. "Салауатты ұлт "әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық
сақтау"ұлттық жобасы бойынша іс-шаралардың орындалуын бақылау.Аумақты дамыту бағдарламасы бойынша үйлестіру және бақылау.ҚР жоғары оқу орындарында, медициналық колледждерде және одан тыс жерлерде облыстың медициналық кадрларының біліктілігін арттырудыүйлестіру және бақылау жүргізу. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін басқаруды және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде пайдалануды (белгілеуді,
орналастыруды) бақылау.Денсаулық сақтауды цифрландыруды дамыту мәселелері бойынша
жүзеге асыруды үйлестіру және бақылау.Қарағанды облысының аумағында денсаулық сақтау саласындағы жобалық менеджментті үйлестіру және дамыту.Санитариялық көліктің қажетті санының стандарттарын есептеу, облыстың медициналық ұйымдарының санитариялық көлігін пайдалану мониторингі.Облыстың денсаулық сақтау жүйесіндегі санитарлық көлік бойынша
деректер базасының мониторингі. Ғимараттар, құрылыстар және денсаулық сақтау объектілері бойынша деректер базасының мониторингі.Еңбек және қызметтік тәртіпті сақтау.Жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпараттық жүйелерді
жүргізу. Бөлімнің құзыреті мен саласына сәйкес ведомстволық бағынысты
ұйымдарға бақылауды жүзеге асыру.Қарағанды облысының аумағында денсаулық сақтау саласындағы жобалық менеджментті үйлестіру.Қызметтік міндеттерін атқару кезінде құпиялылықты және қызметтік және кәсіби құпияны сақтауды қамтамасыз ету. Заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. Блок А.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 05.09.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.09.2025 – 10.09.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 мб

Сұхбаттасу орны

г.Караганда, ул. Алиханова 13

Анықтама алу үшін байланыс

50-15-25 (6867)