Балқаш қаласы әкімінің орынбасары (Е-1 санаты, 1 бірлік, №1-3).

Мемлекеттік орган

Қарағанды облысының әкімдігі

Аймақ

Қарағанды облысы

Санат

E-1 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

512005

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
  • Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
  • Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
  • Өнер
  • Тілдер және әдебиет
  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Журналистика және ақпарат
  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Қызмет көрсету саласы
  • Бастапқы әскери дайындық
  • Дене шынықтыру және спорт
  • Құқық және экономика негіздері
  • Психология
  • Әлеуметтік жұмыс

Қосымша талаптар

жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: Гуманитарлық ғылымдар/ Педагогикалық ғылымдар.

Функционалды міндеттер

Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік егемендікті нығайту, қоғамдық процестерді демократияландыру және қоғамды шоғырландыру жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға жауапты болады. Мемлекеттік органдардың: "Білімді ұлт "сапалы білім беру"ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі өзара іс-қимылын және қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді. "Салауатты ұлт" әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау " ұлттық жобасы. Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық орта білімнен кейінгі білім беру, мектептен тыс тәрбие беру, денсаулық сақтау, мұрағат ісі, мәдениет және өнер, тілдерді дамыту, жастар саясаты, туризм, дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік және мемлекеттік емес секторлардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады. Ішкі саяси процесстерді мемлекеттік реттеуге қатысады, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, Қазақстандық патриотизмді насихаттау және тәрбиелеу, діни экстремизмнің алдын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Қаладағы қоғамдық-саяси жағдайды талдайды. Өз құзыреті шегінде қоғамдық-саяси және діни бірлестіктердің, ұлттық-мәдени орталықтардың, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіреді. Кедейшілік пен жұмыссыздықты төмендету бағдарламасын орындау бойынша жұмысты үйлестіреді, жәрдемақылардың барлық түрлерін және басқа да төлемдерді уақтылы және толық төлеуді қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Әлеуметтік- мәдени саланы дамытудың негізгі көрсеткіштерін болжайды, талдайды. Қалалық мәдени-бұқаралық іс-шаралардың ұйымдастырылуын және өткізілуін бақылайды. Тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау, көші-қон және демографиялық саясат, халықтың құқықтарын қорғау мәселелерін үйлестіреді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және пайдалану мәселелері бойынша жұмысты үйлестіреді. Меншік нысанына қарамастан, қала ұйымдарында мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерін оқыту бойынша жұмысты үйлестіреді. Эвакуациялық комиссияға, әлеуметтік әріптестік жөніндегі қалалық үш жақты комиссияға, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі, әйелдер және отбасы істері жөніндегі демографиялық саясат жөніндегі, мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу жөніндегі комиссияға басшылық жасайды. Ономастика, тілді дамыту жөніндегі жұмыс тобын басқарады. Жергілікті полиция қызметінің қызметін үйлестіреді. «Электронды құжатайналымы», «Е-Қызмет», «Е-өтініш» ақпараттық жүйелерімен жұмыс жасау. (блок А)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 20.01.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.01.2025 – 23.01.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13

Анықтама алу үшін байланыс

8(7212) 501531 (6811)