"Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ басшысының орынбасары (санаты D-O-2, 1 бірлік, №01-02)

Мемлекеттік орган

Қарағанды облысының әкімдігі

Аймақ

Қарағанды облысы

Санат

D-О-2 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

441254

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Бизнес және басқару

Функционалды міндеттер

3.1. Өз лауазымдық міндеттерін уақтылы және сапалы орындау.
3.2. Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімдігінің қаулыларын, әкімнің, оның орынбасарлары мен аппарат басшысының өкімдерін, Денсаулық сақтау министрлігі мен облыс денсаулық сақтау басқармасы бұйрықтарының орындалуын басшылыққа алу және бақылау.
3.3. Өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттерінің сақталуын қамтамасыз ету.
3.4. Бекітілген материалдық-техникалық ресурстарды ұтымды және мақсатты пайдалануды қамтамасыз ету.
3.5. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалардың орындалуын басшылыққа алу және бақылау.
3.6. Облыстың денсаулық сақтау бюджет қаражатын экономикалық жоспарлау, қалыптастыру, ұтымды және тиімді атқару жөніндегі Басқарманың жұмысын үйлестіру және оған басшылық ету.
3.7. Облыстың денсаулық сақтау ұйымдары, қалалары мен аудандары бөлінісінде бюджеттерді жоспарлау және қалыптастыру бойынша үйлестіру және басшылық ету.
3.8. Экономикалық жоспарлау бөлімінің басшысы жүргізген талдау және сараптама қорытындылары бойынша облыстың медициналық ұйымдарының шығыстар сметасын және штат кестелерін келісу және бекіту.
3.9. Облыстың денсаулық сақтау жүйесінің қаржы - шаруашылық қызметін қаржы қаражатын ұтымды және тиімді пайдалану бойынша ұйымдастыру және үйлестіру.
3.10. Облыстың медициналық ұйымдарының қызметіне кешенді экономикалық талдау.
3.11. Облыстың денсаулық сақтау саласын әлеуметтік - экономикалық дамытудың индикативтік жоспарларын әзірлеуді үйлестіру, басшылық ету және бақылау.
3.12. Жоспарлау мәселелерін үйлестіру және бақылау, Облыстың денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларын, разрядтары мен санаттарын есептеу және белгілеу мәселелері бойынша әдістемелік басшылықты ұйымдастыру.
3.13. Экономикалық жоспарлау, мемлекеттік сатып алу және бухгалтерлік есеп саласындағы нормативтік және құқықтық актілердің орындалуын үйлестіру және бақылау.

3.14.Денсаулық сақтау басқармасы жүргізетін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімін жоспарлау және ұйымдастыру.
3.15. Жоғары тұрған органдарға ұсынылатын жетекшілік ететін мәселелер бойынша статистикалық есептілікті сараптау, талдау және бұрыштама қою.
3.16. Медициналық қызметтерге мемлекеттік тапсырысты жоспарлау мен орналастыруды жүргізуге басшылық ету және бақылау.
3.17. Бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу бойынша жұмыстарды үйлестіру және бақылау.
3.18. Медициналық қызметтерге баға белгілеудің бірыңғай әдістемесін әзірлеу саласындағы саясатты айқындау.
3.19. Денсаулық сақтаудың ағымдағы және күрделі жөндеу объектілерін жүргізуді үйлестіру және бақылау.
3.20. Шаруашылық жүргізу құқығындағы Денсаулық сақтау ұйымдарындағы байқау кеңестерінің жұмысын бақылау және үйлестіру.
3.21 Негізгі құралдардың жай-күйін бағалау және оларды дамыту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу бойынша үйлестіру және бақылау, оларды жоғары тұрған органдармен келісуді қамтамасыз ету.
3.22. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Қарағанды облысының әкімі арасындағы халықтың денсаулығын жақсарту жөніндегі меморандумның орындалуын бақылау; Қарағанды облысын дамыту бағдарламасы; Түрлі аурулар кезінде медициналық көмек көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу жөніндегі Жол карталары;
3.23. Мемлекеттік жекешелік әріптестік шеңберінде инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуын бақылау.
3.25. «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау"ұлттық жобасы бойынша іс-шаралардың орындалуын бақылау.
3.26. Аумақты дамыту бағдарламасы бойынша үйлестіру және бақылау.
3.27. ҚР жоғары оқу орындарында, медициналық колледждерде және одан тыс жерлерде облыстың медициналық кадрларының біліктілігін арттыруды үйлестіру және бақылау жүргізу.
3.28.Денсаулық сақтауды цифрландыруды дамыту мәселелері бойынша жүзеге асыруды үйлестіру және бақылау.
3.29. Қарағанды облысының аумағында денсаулық сақтау саласындағы жобалық менеджментті үйлестіру және дамыту.
3.30. Санитариялық көліктің қажетті санының стандарттарын есептеу, облыстың медициналық ұйымдарының санитариялық көлігін пайдалану мониторингі.
3.31. Облыстың денсаулық сақтау жүйесіндегі санитарлық көлік бойынша деректер базасының мониторингі.
3.32. Ғимараттар, құрылыстар және денсаулық сақтау объектілері бойынша деректер базасының мониторингі.
3.33. Ведомстволық бағынысты ұйымдардың алаңдарды бекіту, пайдалану, ұстау, теңгерімге қабылдау және мемлекеттік меншікке беру жөніндегі жұмысын үйлестіру.
3.34. 018 «Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық-талдамалық қызметтер» бағдарламасы бойынша бюджет қаражатының нысаналы игерілуін бақылау.
3.35. 039 «Денсаулық сақтау субъектілеріне медициналық көмекті, Call-орталықтардың қызметтер көрсетуін және өзге де шығыстарды қамтитын медициналық көмектің қосымша көлемін көрсету» бағдарламасы бойынша бюджет қаражатының нысаналы игерілуін бақылау.
3.35. 039 «Медициналық ұйымдарды сот шешімдері негізінде жүзеге асырылатын жыныстық құмарлықты төмендететін іс-шаралар өткізу» бағдарламасы бойынша бюджет қаражатының нысаналы игерілуін бақылау.
3.37. 042 «Медициналық ұйымдарды сот шешімдерінің негізінде жүзеге асырылатын жыныстық құмарлықты төмендететін іс-шаралар өткізу» бағдарламасы бойынша бюджет қаражатының нысаналы игерілуін бақылау.
3.38. 041 «Облыстардың жергілікті өкілді органдарының шешімі бойынша ТМККК-ны қосымша қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша бюджет қаражатының нысаналы игерілуін бақылау.
3.39. 003 «Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау» бағдарламасы бойынша бюджет қаражатының нысаналы игерілуін бақылау.
3.40. 007 «Салауатты өмір салтын насихаттау» бағдарламасы бойынша бюджет қаражатының мақсатты игерілуін бақылау.
3.41. 016 «Азаматтарды елді мекеннен тыс жерлерге емделуге тегін немесе жеңілдікпен жол жүрумен қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша бюджет қаражатының нысаналы игерілуін бақылау.
3.42. 027 «Орталықтандырылған сатып алу» бағдарламасы бойынша бюджет қаражатының мақсатты игерілуін бақылау Халыққа иммунопрофилактика жүргізу үшін вакциналар мен басқа да медициналық иммунобиологиялық препараттарды сақтау».
3.43. 050 «Қаржы лизингі шарттарында сатып алынғандарға сервистік қызмет көрсетуді талап ететін санитариялық көлік, медициналық бұйымдар бойынша лизингтік төлемдерді өтеу» бағдарламасы бойынша бюджет қаражатының нысаналы игерілуін бақылау.
3.47. Қарағанды облысының аумағында денсаулық сақтау саласындағы жобалық менеджментті үйлестіру.
3.48. Қызметтік міндеттерін атқару кезінде құпиялылықты қамтамасыз ету және қызметтік және кәсіби құпияны сақтау.
3.49. Заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

(А блогы)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 09.09.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.09.2024 – 12.09.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 мбтМВ

Сұхбаттасу орны

Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13

Анықтама алу үшін байланыс

8-7212-501531 (6812)