«Балқаш қаласы әкімінің аппараты» ММ қала әкімінің орынбасары, 1 бірлік, № 1-1
Қарағанды облысының әкімдігі
Қарағанды облысы
512004
Жалпы біліктілік талаптары
Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Жерге орналастыру
- Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс (білім беру саласы)
- Бастапқы әскери дайындық
- Химия
- Биология
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Графика
- Мүсін
- Сәулет
- Дизайн
- Арт - менеджмент
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Механика
- Гидрология
- Биотехнология
- Автоматтандыру және басқару
- Мұнай газ ісі
- Материал тану және жаңа материалдар технологиясы
- Геодезия және картография
- Машина жасау
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Аспап жасау
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Техникалық физика
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Құрылыс
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
- Көлік құрылысы
- Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
- Кадастр
- Бағалау
- Логистика (сала бойынша)
- Қаржы
- Инженерлік жүйелер және желілер
- Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- Гидрогеология және инженерлік геология
- Мемлекеттік басқару
- Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару
- Өңірлік даму
Қосымша талаптар
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім "жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" бағыттары бойынша (математика және физика), "инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" бағыттары бойынша (сәулет және/немесе құрылыс)
Функционалды міндеттер
Тұрғын – үй коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік, салалық бағдарламаларды: жылу, электр, сумен жабдықтау, көлік инфрақұрылымын дамыту, автомобиль жолдарын, елді мекен ішіндегі жолдарды жөндеу және қалпына келтіру, аула аумақтарын абаттандыру, ауыз сумен қамтамасыз ету, тұрғын үй қатынастары, коммуникация салаларында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік органдардың: Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын; 2021-2025 жылдарға арналған "жасыл Қазақстан" ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі өзара іс-қимылын және қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді. Тұрғын үй комиссиясының, жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, жолаушылар көлігінде жол жүру тарифтерін қарау жөніндегі комиссияның жұмысына басшылық жасайды. Қала, жақын маңдағы кенттерді, әлеуметтік-мәдени тұрмыстық объектілерді нормативтерге сәйкес қысқы жағдайларда жұмысқа дайындау жөніндегі жұмыстарға басшылық жасайды. Өңірді қажеттіліктерге сәйкес электр, жылу энергиясымен қамтамасыз етудің теңгерімділігіне жауап береді. Қаланы, кенттерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау мәселелерін шешеді. Су шаруашылығы мақсатындағы объектілерді, инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды салу және қайта жаңарту жоспарларының орындалуын, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі заңнаманың орындалуын үйлестіреді. Қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату бойынша жұмысты ұйымдастырады. Жолаушылар тасымалы қызметін көрсету сапасын арттыру бойынша жұмысты үйлестіреді. Қалада көліктік инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмысты үйлестіреді. Жергілікті бюджет қаржысынан жергілікті маңызды автокөлік жолдары, қала көшелерін ұстау және жөндеу бойынша ұсыныс дамытады.Жаңа автокөлік жолдарының құрылысы мен жаңалауы бойынша жұмыстарды атқарғанда құрылыстық нормаларды сақталуы үшін бақылауды жүзеге асырады. Тұрғын үйлер мен ғимараттардың пайдаланылуын бақылау бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын үйлестіреді. Баға және тариф саясатын қалыптастыруға, жосықсыз бәсекелестік фактілерінің жолын кесуге және монополистік қызметті шектеуге қатысады. Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияға басшылықты жүзеге асырады, жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады. Тұрғын үйді түгендеуді бақылауды жүзеге асырады, иесіз тұрғын үйді анықтау және оларды кейіннен коммуналдық меншікке беру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Иесіз, бос тұрған, тасталған жекешелендірілген тұрғын үйді, сондай-ақ басқа да жылжымайтын мүлікті қаланың коммуналдық меншігіне қайтару бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға бақылау жасайды. Қаланың коммуналдық қызметтерінің қызметіне бақылауды жүзеге асырады. (Блок А).
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
nurlybayeva_zhe@krg.gov.kz
- Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13
-
8(7212) 501525 (6852)