«Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы» ММ этносаралық қатынастар және азаматтық сектор мәселелері жөніндегі бөлімнің басшысы (D-О-3 санаты, 1 бірлік, №5-1).

Мемлекеттік орган

Қарағанды облысының әкімдігі

Аймақ

Қарағанды облысы

Санат

D-О-3 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

327924

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Журналистика және ақпарат
  • Бизнес және басқару
  • Құқық

Функционалды міндеттер

Азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл бойынша жұмысты ұйымдастыру. Мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелерінде өңірлердегі ішкі саясат бөлімдеріне, қоғамдық бірлестіктерге, саяси партияларға, үкіметтік емес ұйымдарға әдістемелік көмек көрсету. Өңірдегі оң саяси үдерістерді демократияландыру мен нығайтуға бағытталған республикалық және өңірлік ғылыми-практикалық іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысу. Саяси партиялардың облыстық және өңірлік филиалдарының қызметін талдау және зерделеу, саяси партиялардың көшбасшылары туралы компьютерлік дерекқорды жедел режимде қалыптастыру және қолдау. Саяси партиялар өткізетін іс-шараларға қатысу; олардың қызметіне мониторинг ұйымдастыру, қоғамдық-саяси қозғалыстар жетекшілерімен байланыс орнату. Саяси партиялар мен қоғамдық-саяси қозғалыстар қызметін БАҚ-та жариялау мониторингі. Саяси партиялардың облыстық және өңірлік филиалдарының қызметі туралы ақпараттық-талдау және басқа да материалдар дайындау. Саяси партиялардың өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау. Саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша Мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне арналған семинарларға қатысу. Өзара іс-қимыл мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға практикалық көмек көрсету. Жоспарлау, үйлестіру, үкіметтік емес сектормен, саяси партиялармен әріптестік мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу. Әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауға Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету және жобаларды іске асыру барысына мониторинг жүргізу. Этносаралық саланың тұрақты мониторингін ұйымдастыру, өңірдегі этносаралық тұрақтылықты сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік мекемелермен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Ақпараттық-талдау материалдарын дайындау. (блок А)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 14.06.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.06.2023 – 19.06.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБайт

Сұхбаттасу орны

Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13

Анықтама алу үшін байланыс

8(7212) 501525 (6818)