«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» ММ қала әкімінің орынбасары , (1 бірлік), 1-1

Мемлекеттік орган

Қарағанды облысының әкімдігі

Аймақ

Қарағанды облысы

Санат

Е-1 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

512004

Жалпы біліктілік талаптары

Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3,  C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Инженерия және инженерлік іс
  • Өндірістік және өңдеу салалары
  • Сәулет және құрылыс
  • Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау
  • Көлік қызметтері

Функционалды міндеттер

Тұрғын үй коммуналдық саласы қызметі,  құрылыста, энергетикада, көлікте, байланыста нарықтық қатынастардың дамуы мәселелерін үйлестіреді. Коммуналдық қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындардың дамуы мен қызметі, абаттандыру, инженерлік құрылымдар, желілер, коммуникациялар, жолдар мәселелерін қарайды және шешеді. Қала және Ақтау кентінің қысқы жағдайдағы жұмысына дайындық бойынша жұмысына басшылық етеді, қысқы жылу беру маусымының қалыпты өтуіне бақылауды жүзеге асырады.  Табиғат қорғау мәселері бойынша шараларды бақылайды, бау-бақша және гараж кооперативтерінің, жерлеу қызметін көрсететін кәсіпорындардың жұмыстарына көмек көрсетеді, ТЖ бойынша санэпидбақылау жұмысына жетекшілік етеді. Дене шынықтыру және спортты дамыту қалалық бағдарламаларын  әзірлейді және жүзеге асырады, бұқаралық спорт және ұлттық спорт түрлерін дамыту. Қалалық мамандандырылған оқу-спорттық мекемелері және қала аумағындағы спорттық ұйымдар қызметін үйлестіру. Қоршаған ортаны пайдалану және қорғау,  табиғи ресустар және табиғат пайдалануды реттеу мәселелері бойынша заңнаманың орындалуына жауапты болып табылады. А блог.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 13.06.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.06.2023 – 16.06.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 MB

Сұхбаттасу орны

Қарағанды қаласы, Әлиханов көш, 13

Анықтама алу үшін байланыс

8(7212) 501525 (6862)