«Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ жоба-сметалық құжаттамалар және күрделі жөндеу бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, 1 бірлік (№ 8-1-6).

Мемлекеттік орган

Қарағанды облысының әкімдігі

Аймақ

Қарағанды облысы

Санат

D-O-4

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Телекоммуникациялар
  • Сәулет және құрылыс

Функционалды міндеттер

Атқарушылық техникалық құжаттаманы, құрылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру құжаттамасын ресімдеу. Республикалық және облыстық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын коммуналдық меншіктің бекітілген объектілерін салу барысында бақылауды қамтамасыз ету. Бекітілген объектілерді салу және қайта жаңарту барысына, құрылыс сапасына, мерзімдеріне техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыруды және орындалған жұмыстардың көлемін қабылдауды, телекоммуникация қондырғыларын жүзеге асыруды ұйымдастыру. Бюджет қаражатын игеру, объектіні пайдалануға қабылдау бойынша жұмыстарды жүргізу кестесіне сәйкес мердігерлік ұйымдардың жұмыстарын ұйымдастыру, оның ішінде салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісінің, сәйкестік туралы декларацияның, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындының уақтылы ресімделуін бақылау. Техникалық паспорттарды ресімдеу, салынған объектілерді жергілікті атқарушы органдарға беруді және қабылдауды ұйымдастыру.  Жедел кеңестерді өткізудің іс-шаралары мен кестелерін әзірлеу, облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарларының кеңестеріне материалдар дайындау. Құрылыс ұйымдары мен құрылыс индустриясы кәсіпорындарының өзара іс-қимылын үйлестіру. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезінде шыққан елін көрсете отырып, (бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын басқармаға берілген объектілер бойынша) құрылыс материалдары мен жабдықтарын сатып алу жөнінде есеп беруін қамтамасыз ету. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне, әкімнің, әкім орынбасарларының, Мемлекет басшысының және басқа да жоғары тұрған ұйымдардың тапсырмаларына жауаптарды уақтылы және сапалы дайындау.Блок А.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 14.03.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.03.2023 – 28.03.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 мб

Сұхбаттасу орны

Алиханова 13

Анықтама алу үшін байланыс

50-15-25 (6867)