Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары, Е-1 санаты, 1 бірлік, № 01

Мемлекеттік орган

Қарағанды облысының әкімдігі

Аймақ

Қарағанды облысы

Санат

E-1

Орташа лауазымдық айлықақы

512004

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  5. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
  6. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Жылу энергетикасы
  • Электр энергетикасы
  • Құрылыс
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
  • Қаржы

Қосымша талаптар

автомобильдер және автомобиль шаруашылығы

Функционалды міндеттер

Энергетиканы дамыту, энергия үнемдеу, тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, байланыс, абаттандыру, қаланы көгалдандыру және жасыл желектерді қорғау, жолаушылар көлігі мен коммуникациялар, автомобиль жолдарын жөндеу және күтіп ұстау, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелерінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді. Нормативтерге сәйкес қаланың тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін, ЖЭО, әлеуметтік мәдени тұрмыстық объектілерді қысқы жағдайларда жұмысқа дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Қаланы абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша жобалардың іске асырылуын бақылауды қамтамасыз етеді. Су шаруашылығы мақсатындағы объектілерді, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салу және реконструкциялау жоспарларының орындалуын бақылайды. Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде, тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларында қала шекаралары шегінде бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады. Тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға бақылау жүргізеді. Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етеді. Қалада жолаушылар тасымалын ұйымдастыруды, Жолаушылар тасымалы саласында тарифтік саясатты қалыптастыруды бақылауды қамтамасыз етеді. Жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша, қаланың автомобиль жолдарын жөндеу бойынша жобаларды іске асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Қалалық тұрғын үй комиссиясының қызметін қамтамасыз етеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламаның іске асырылуын, жетекшілік ететін салаларда бюджет қаражатының тиімді және уақтылы игерілуін бақылайды. Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын жетекшілік ететін мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына, талап–арыз жұмысын жүргізуге, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарауға бақылау жүргізеді.

 

А блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 08.02.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.02.2023 – 13.02.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 мБайт

Сұхбаттасу орны

Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13

Анықтама алу үшін байланыс

501531-6813

421149