«Senim109» Бірыңғай үйлестіру орталығы» жобасы

«Senim109» Бірыңғай үйлестіру орталығы»

Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы 19 ақпандағы №10/01 қаулысымен «Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Бірыңғай үйлестіру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – БҮО) құрылды. БҮО мақсаттары мен міндеттері Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығы шеңберіндегі мақсаттар мен міндеттерге ұқсас.

БҮО жарғысы 2019 жылғы 14 наурызда әзірленіп, бекітілді. БҮО әділет органдарында Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 39-үй мекенжайы бойынша тіркелген. Осы мекенжай бойынша Бірыңғай үйлестіру орталығын орналастыру үшін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл жобаның негізгі мақсаты – Қарағанды қаласы тұрғындарының, ал уақыт өте келе барлық облыс тұрғындарының жайлы өмір сүру ортасын құруды және сұраныстарына тез арада ден қоюды қамтамасыз ету.

2019 жылдың 25 қарашасында БҮО Call-орталығының тестілік жұмысы іске қосылды.

Қазіргі уақытта өтініштер:

1) Call-орталыққа телефон соғу арқылы;

2) «Ашық қала» АЖ порталы (Senim109.kz) арқылы;

3) әлеуметтік желілер (facebook және telegram) арқылы 3 тәсілмен келіп түседі.

Ағымдағы жылдың соңына дейін жобаны облыстың барлық аумағында кең түрде қолдану жоспарланып отыр.