Қазақ күресінен Балқаш әкімінің кубогы үшін 150 палуан күресті

Балқашта қала әкімінің кубогына қазақ күресінен жарыс өтті. Турнирге 2012-2013 жылдары туған 150 палуан қатысты.
Үздік атағы үшін Қарағанды, Теміртау, Ақсу-Аюлы, Қарқаралы, Приозерск, Сарышаған және Балқаштан және т. б. 14 команда бақ сынасты. Жекпе-жек тоғыз салмақ дәрежесінде өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Балқаш БЖСМ командасы иеленді (жаттықтырушы – Мағди Дүйсетай). Екінші орында Балқаш қаласының ДСК ұжымы (жаттықтырушы – Еркін Төлеутай). Көшбасшылар үштігін Сарышаған командасы тұйықтады (жаттықтырушы – Бертілек Хуанган).
Балқаштың аға жаттықтырушысы Мағди Дүйсетай балуандарды даярлаудың жоғары деңгейін атап өтті.
– Қазақ күресі Қарағанды облысында жақсы дамып келеді. Балқашта бұл спорт түріне көптеген жастар келеді. Барлық қажетті жағдайлар, құрал-жабдықтар бар. Жақында біз ролл-төсеніштер сатып алдық. Секциялар тегін. Қазір қазақ күресінен Әлем, Еуропа, Азия чемпионаттары өтуде. Алдағы 10 жылда ұлттық қазақ күресі Олимпиада ойындарының тізіміне енеді деп үміттенеміз, – дейді Мағди Дүйсетай.
Балқаш қаласы әкімінің Кубогының жеңімпаздары ақшалай сертификаттармен марапатталды.