«Үйлерді бұзу бойынша ықтимал сот істері» – Қарағандыдағы тұрғын үй кешендерінің заңсыз құрылысы туралы

«Үйлерді бұзу бойынша ықтимал сот істері» – Қарағандыдағы тұрғын үй кешендерінің заңсыз құрылысы туралы

Қарағандыда он компания заңсыз тұрғын үй кешендерін салып жатыр. Құрылысшылар бұзушылықтарды жоймаса, жаңа ғимараттар қабылдау актісін ала алмайды. Оның үстіне сот шешімімен мұндай үйлер бұзылуы мүмкін.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте МСҚБ басқармасының басшысы Сержан Аймақов жауапсыз құрылыс салушылар туралы айтты.

– Барлығы салынып жатқан 60-қа жуық тұрғын үй жобасын бақылауда ұстаудамыз. Өткен жылдан бері жүргізілген мониторинг барысында хабарлау тәртібі бұзылған 20-дан астам тұрғын үй кешені анықталды. Заң бойынша әрбір құрылыс салушы құрылыстың басталғаны туралы бізге хабарлауы керек. Бұл электронды үкімет веб-порталы арқылы онлайн режимінде жүзеге асырылады. Негізінен мәселе сараптамалық қорытындының жоқтығында, – деді спикер.

Ол барлық тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен құрылыс тоқтатылғанын атап өтті. Басқарма басшысының айтуынша, 10-нан астам құрылыс салушылар ескертпелерді жойып, хабарлама жібергендіктен, жауапсыз әзірлеушілер тізімінен шығарылған. Бұл ретте рұқсат құжаттары жоқ он құрылыс салушы бақылауда қалады.

– Алдағы уақытта олар қабылдау актісін ала алмайды. Оның үстіне үйлерді бұзу үшін сотқа жүгінуге болады, – дейді Сержан Аймақов.

Сондай-ақ үлескерлерді заңсыз тартқан 18 құрылыс салушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әлеуетті сатып алушыларға ықтимал тәуекелдер туралы ескертіледі.

Кейбір компаниялар құрылысты тоқтату туралы сот шешімін елемейді. Тұрақты заң бұзушыларға қатысты прокуратурамен бірлесіп жоспардан тыс тексеру туралы қаулы шығарылып, нәтижесінде ұйғарым шығарылды.

Сержан Аймақов рұқсат етілмеген құрылыс деп тану үшін экономикалық сотқа талап-арыз берілген тұрғын үй кешендерін атады. Олар Al-Farabi тұрғын үй кешені («T-K Building» ЖШС құрылыс салушы), «Хан» тұрғын үй кешені («TT-Инвест» ЖШС құрылыс салушы), «Нұра» тұрғын үй кешені («Satti lux» ЖШС құрылыс салушы).

МСҚБ басқармасында сенім телефоны жұмыс істейді: (8-7212) 43-22-43. Сондай-ақ, азаматтарды апта сайын жеке қабылдау жүргізіледі.

Жауапсыз құрылысшылар тізімі