
Нұрмақов атындағы Қарағанды мектеп-интернатының тоғызыншы сынып оқушысы Рамазан Пердебай «Туймаада» оқушылардың ХХVIII Халықаралық олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. Жарыс үш пән бойынша өтті – математика, физика және информатика.
Олимпиада ұйымдастырушысы – Саха Республикасы (Якутия). Бірақ оқушыларға ол жаққа барудың қажеті жоқ еді. Барлық тапсырмалар онлайн түрде жіберілді. Жарысқа әлемнің жеті елінен – Қазақстан, Ресей, Индонезия, Румыния, Сингапур, Болгария, Ираннан 250-ден астам оқушы қатысты.
Қазақстаннан 74 оқушы өтініш білдірді. Қарағанды облысынан Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары Бексұлтан Шәріп (физика) және Рамазан Пердебай (информатика), сондай-ақ №1 «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушылары Диас Серкібаев пен Өмір Байбосынов (физика) қатысты.
Рамазан Пердебай үздік нәтиже көрсетті. Ол өз санатында екінші болды. Оқушы жыл бойы біздің облысты халықаралық олимпиадаларда бірнеше рет таныстырды. Ол Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасының, Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қола медалінің иегері, сондай-ақ 2021 жылғы республикалық оқушылар олимпиадасының жүлдегері.
– Алтыншы сыныптан бастап мен барлық конкурстар мен олимпиадаларға белсенді қатысамын, – дейді Рамазан, – Сондықтан да үнемі дайындаламын. Олимпиадаға дейін мен күміс аламын деп ойладым, солай болды. Мен нәтижеге ризамын. Кейбір тапсырмалар өте жеңіл болды, бірақ қиын тапсырмалар да кездесті.
Жарысқа информатика пәнінің мұғалімі Мағжан Қауланов та көмектеседі.
– IOI оқушылар арасында информатика пәні бойынша Халықаралық олимпиадаға қатысуды армандаймын, – деп жоспарларымен бөлісті Рамазан. – Онда әлемнің барлық елдерінің мықты қатысушылары өнер көрсетеді.
Өткен жарыстардың қорытындысы бойынша біздің құраманың қоржынында 5 алтын, 11 күміс, 16 қола медаль және 4 диплом бар. Салыстыра кетсек: 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 1 алтын, 3 күміс, 9 қола жүлде және 10 грамота болды.