Балаларды қорғау Күніне орай Абай атындағы кітапхана ертегі кейіпкелері костюмдерінің fashion-көрсетілімін өткізеді


Облыстық балалар кітапханасы балаларды қорғау күніне орай fashion-SUPER KIDS көрсетілімін әзірледі. Оған барлық тілек білдірушілер қатыса алады.
«Балаларды қорғау күні - ең жарқын жазғы балалар мерекелерінің бірі. Жыл сайын біздің кітапхана өз оқырмандары үшін қызықты және танымдық іс-шаралар өткізеді. Instagram @odb_abai, «ВКонтакте» облыстық-Абай атындағы кітапхана; Facebook Қарағанды облыстық балалар кітапханасы деген әлеуметтік желілердегі парақшаларда SUPER KIDS fashion-көрсетіліміне қатысуға шақырамыз», - деді Абай атындағы кітапханада.
Көрмеге қатысушылар қол астындағы материалдан - фольгадан, матадан, газеттен, қағаздан, пакеттерден және басқалардан - әдеби ертегі кейіпкерінің костюмін жасауы тиіс. Сурет немесе бейне түріндегі шығармашылық жұмыстарды 30 мамырға дейін WhatsApp-қа 8-701-667-49-98, 8-702-814-97-74 нөмірлері бойынша жіберу керек. Сондай-ақ костюмді ұсынушының тегін, атын, мектебін, сыныбын және костюм атауын көрсету қажет.
Барлық ертегі киімдері 1 және 2 маусымда балалар кітапханасының әлеуметтік желілерінде болады. Байқаудың ұйымдастырушылары балалардың қиялдары шексіз және барлық жұмыстар қызықты және ерекше болады деп сенеді.
21 мамыр 2020
30 мамыр 2020
Instagram @odb_abai, «ВКонтакте» облыстық-Абай атындағы кітапхана; Facebook Қарағанды облыстық балалар кітапханасы деген әлеуметтік желілердегі парақшаларда SUPER KIDS fashion-көрсетіліміне қатысуға шақырамыз», - деді Абай атындағы кітапханада
Хабарландыру
Тегін