Қарағанды облысында Жеңіс күні қалай тойланады


Елімізде Төтенше жағдай режимі жариялануына байланысты жаппай серуендеуге және шерулерге тыйым салынған. Жеңіс күнін атап өту, оның ішінде «Ер есімі - ел есінде» (өшпес полктің баламасы) алғаш рет онлайн-режимде өтеді.
9 мамырда облыстың барлық LED-экрандарында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің фотосуреттері бар бейнероликтер мен слайд-шоу көрсетіледі. Майданда шайқасқан және тылда еңбек еткендерді әлеуметтік желілерде де даңқтауға болады.
Сәуір айынан бастап облыста «Ер есімі-ел есінде» кең ауқымды интернет - жобасы іске қосылды. «Сарыарқа ақпарат» медиахолдингінің және «ЕКараганда» қалалық порталының алаңында (ekaraganda.kz/9may) ата-бабаларымыздың фотосуреттерін және олардың қысқаша өмірбаяндары жинақталады және орналастырылады.
Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде 3 000-нан астам адам қатысқан «Жеңіс лентасы» челленджі іске қосылады.
Барлық қалалар мен аудандардың әкімдері ардагерлердің өздерін жеке құттықтайды.
Ұлы Отан соғысына қатысқандарға және тыл еңбеккерлеріне Жеңіс күніне орай төлемдер қарастырылған. Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері миллион теңгеден алды. Концлагерлер мен қоршаудағы тұтқындар тізімінде болған 101 адам 200 мың теңгеден алады. Сондай-ақ, Ауған соғысы ардагерлеріне 596 теңге төленді. Чернобыль АЭС апатын жоюшы 598 адамға 100 мың теңгеден берілді. 8 778 тыл ардагері және Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің жесірлері 50 мың теңгеден алды.
Өңірлік әкімдіктерге Мемлекет басшысының атынан соғыс ардагерлеріне құттықтау хаттар келіп түсті.
Қарағанды облысында 64 соғыс ардагері тұрады.
09 мамыр 2020
онлайн-режим
Хабарландыру
Тегін