Меню

Страницы

Статья

Инвестициялар

Инвестициялар құрылымында ең көп көлем өнеркәсіпке (69,8%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға (12,2%), көлік пен қоймаға (6,4%), денсаулық сақтау мен халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуге (2,1%), құрылысқа (1,3%), әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызметке (1,1%), көтерме және бөлшек саудаға (0,8%) бағытталған.

Соңғы 10 жылда тау-кен өнеркәсібіне инвестициялар 2,8 есе, өңдеу өнеркәсібіне - 2,6 есе өсті.

Облыста «бір терезе» қағидаттарында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді, онда Халыққа қызмет көрсету орталығының, инвесторларға қызмет көрсету орталығының, «Даму «КДҚ» АҚ, екінші деңгейдегі банктердің консультанттары, сондай-ақ энергетика, сумен жылумен жабдықтау саласындағы көрсетілетін қызметті берушілердің өкілдері орналасқан.

«Сарыарқа» ӘКК және «Сарыарқа» АЭА Басқарушы компаниясы атынан инвестициялар тарту саласындағы ұйымдар анықталды. Құрылымдық бөлімшелері инвесторларды ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді, өңірдің инвестициялық имиджін ілгерілетеді.

Қарағанды облысы әкімінің төрағалығымен инвестициялар тарту жөніндегі кеңес құрылып, жұмыс істейді. Кеңестің қызметі нақты жобалардың проблемалық мәселелерін шешуге бағытталған.

Инвесторлармен жұмысты регламенттеу мақсатында Қарағанды облысының аумағында инвестициялық жобаларды сүйемелдеу тәртібі әзірленді және бекітілді.

Тәртіп «Сарыарқа» ӘКК» АҚ мамандарын және «Kazah Invest ҰК» АҚ өңірлік өкілдерін бастапқы кезеңнен бастап толық өндірісті іске қосуды жеткізгенге дейін инвесторларды сүйемелдеу бойынша іздестіруді және нүктелік бекітуді көздейді. Бұл жұмысқа барлық мүдделі мемлекеттік органдар (қалалар мен аудандардың әкімдіктері, облыстық басқармалар, даму институттары) тартылған.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында инвесторлармен кездесуге және келіссөздер жүргізуге арналған бөлме (Show Room) құрылды.

Дата публикации
20 ноября 2019
Дата обновления
10 мая 2020
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

saryarqaaqparat
Сарыарқа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы