Меню

Страницы

Статья

Аймақтық даму

«Ауыл-Ел бесігі» жобасын іске асыру туралы

«Ауыл - Ел бесігі» - мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2019 жылдан бастап жүзеге асырылып жатқан арнайы жоба.

Жоба 2027 жылға дейін есептелген.

Арнайы жобаның негізгі мақсаты - ауылдағы өмір сапасын жақсарту, ауылдық аумақтардың әлеуметтік ортасын жаңғырту, оларды Өңірлік стандарттар жүйесінің деңгейіне жеткізу болып табылады.

«Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында облыс бойынша даму әлеуеті жоғары және орташа 179 ауыл іріктелді, оның ішінде: 83 тірек және 96 спутниктік.

3 жыл ішінде (2019-2021 жылдар) «Ауыл - Ел бесігі» шеңберінде 12 млрд. теңгеге 133 жоба іске асырылды. 49 ауылдық елді мекен қамтылған, онда 75,7 мың адам тұрады.

Әлеуметтік саланың 39 объектілері жөнделді, дене шынықтыру сауықтыру кешені құрылысы мен мәдениет және демалыс саябағын қайта жаңарту жүргізілуде. Сонымен қатар, 200 км жуық кентішілік жолдар, 41 км су - және электрмен жабдықтау желілері жөнделді.

2019 жылы жинақталған инфрақұрылымдық мәселелерді жедел шешуді талап ететін ірі елді мекендерге – халық саны неғұрлым көп аудан орталықтарына баса назар аударылды.

Үш аудан орталығында Жаңаарқа ауданының Атасу ауылында, Нұра ауданының Нұра ауылында және Ұлытау ауданының Ұлытау ауылында:

- Атасу кентіндегі коммуналдық инфрақұрылым ретке келтіріліп, 4 қазандық пен тазарту құрылыстары жөнделді, бұл 500-ден астам тұрғынға көрсетілетін коммуналдық қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік берді, 20 көп қабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік объектілері орталықтандырылған жылумен жабдықтауға қосылды.

3 бала бақша жөндеді: Атасу кентінде 140 орындық «Ертөстік» және 150 орындық «Балдырған»; Ұлытау ауылында 90 орындық «Өркен» балабақшасы, 525 оқушыға арналған орта мектеп, 330 көрерменге арналған мәдениет үйі, Нұра кентінде жылына 2000 келушіге арналған тарихи-өлкетану мұражайы, 176 балаға арналған өнер мектебі, 1500 орындық «Тәуелсіздік» саябағы, Нұра кентінде 1500 орындық және Ұлытау ауылында 1000 орындық 2 стадионы.

24,1 км кенттік жолдар жөнделді, 7 көшелерде жарықтандыру жұмыстары жүргізілді, 326 көше жарығының тіректері орнатылды.

2020 жылы аудан орталықтарынан басқа қаржыландыруға 13 ірі тірек ауылдық елді мекендер қосылды.

5,2 млрд.теңгеге 47 жоба іске асырылды.

Бұқар Жырау ауданының Ботақара ауылында 320 орындық денешынықтыру сауықтыру кешеннің құрылысы, Ақтоғай ауданының Ақтоғай ауылындағы саябақты қайта жаңарту, Қарқаралы ауданының Қарағайлы кентіндегі №16 орта мектепті күрделі жөндеу сияқты ауқымды жобалардың құрылысы басталды және қайта жаңғыртылды.

8 ауылдық елді мекендерде 9 білім беру объектілері жөнделді;

4 ауылдық елді мекендерде 4 денсаулық сақтау объектілері: 2 аудандық аурухана, ауысымда 25 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория, ауылдық аурухананың қазандығы ғимараттарының жөндеу жұмыстары аяқталды;

6 ауылдық елді мекендерде 6 мәдениет және спорт объектілері құрылысы;

Есіл ауылында 25 км су құбыры желілерін қайта жаңарту аяқталды және 10 ауылдық елді мекендерде 72 км кентішілік жолдарға орташа жөндеу жүргізілді.

2021 жылы жалпы сомасы 5,4 млрд. теңгеге 60 жоба бойынша жұмыс жүргізілді.

60 жобаның 12– сі 2022 жылға өтпелі, 46 – сы аяқталған.

24 ауылдық елді мекенде 5 білім беру, 4 денсаулық сақтау, 2 мәдениет объектілері және 105,7 км кентішілік жолдар жөнделді.

Жоба бойынша барлығы 33 ауылдық елді мекенде 823 жаңа жұмыс орны құрылды.

2022 жылға республикалық бюджетті нақтылауға ұсынылған жобаларды ескере отырып, 42 жобаны іске асыруға 4,4 млрд. теңге көзделген, оның ішінде 16 жоба көлік инфрақұрылымы саласында, 28 жоба – әлеуметтік және 1 – тұрғын үй-коммуналдық салада.

Жалпы, бұл ауыл тұрғындарына үлкен көмек. Ауыл – Ел бесігі жобасы аясында барлық перспективалы елді мекендерді қамтуды жоспарлап отырмыз.

Дата публикации
25 мая 2022
Дата обновления
25 мая 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

saryarqaaqparat
Сарыарқа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы